Телеарна туралы

ТОЙ ДУМАН

Эфирге телебағдарламалар мен бейнеклиптерді тек қазақ тілінде жарыққа шығаратын музыкалық-сауықтық телеарна. Той Думан арнасында қазақ эстарадасының ең танымал әрі сүйікті орындаушыларының музыкасы, шоу-бизнес әлеміндегі эксклюзивті ақпараттар, ашық интерактив және көрермендер дауыс беруі арқылы өтетін хит шерулер таратылады. Көрермендерге телеарнаның әуендер тізімін құрастыруға тікелей қатысу мүмкіндігі бар. Той Думан арнасының ресми парақшалары Facebook, VK, Youtube, Instagram әлеуметтік желілерінде бар.

ТОЙ ДУМАН ЭФИРІ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕКЛИПТІ ТАРАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР

Той Думан арнасына отандық орындаушылардың бейнеклиптері редакцияның толық техникалық және көркемдік талаптарына сәйкес келген жағдайда қойылады. Телеарна әртістердің бейнеклиптерін ақысыз және ақылы түрде таратады. Ақысыз түрде тек жаңадан шыққан бейнеклиптердің тұсаукесері тәулігіне 3 мәрте таратылады. Ақылы түрде күніне үш реттен жиі ротацияланатын бейнеклиптер таратылады. Ақылы ротацияның ережелері мен жағдайлары әр орындаушымен жеке талқыланады. Бейнеклипті телеарна эфирі арқылы тарату үшін, оны көркемдік кеңестің қарауына жолдау қажет. Ол үшін music@toiduman.kz электронды поштасына Youtube желісіне жүктелген немесе өзге видеохостингтегі бейнематериалдың сілтемесін жіберіңіз, немесе электрондық хатқа қыстырып жолдаңыз. Егер бейнеклип интернетте жарияланбаған болса, music@toiduman.kz электронды адресіне google drive, wettransfer.com, rghost.net, mail.ru cloud, yandex disc, dropbox немесе т.б. файл айырбастау желілері арқылы жолдауға болады. Клипті жолдау кезінде әннің атауы мен орындаушының есімін, туындының авторларын және байланысу жолдарын жазуыңыз қажет. Бейнеклип көркемдік кеңес тарапынан қолдау тапса, сіздің электронды поштаңызға хат жолданады. Көркемдік кеңестің шешімі өзгертілмейді. Егер сіз «Тұсаукесер» категориясына қосылуды қаласаңыз, бейнеклиптің телеарнадағы және интернеттегі алғашқы және эксклюзивті көрсетілімдер құқығы 2 аптаға дейін редакция меншігінде болады. Ол үшін бейнеклип желіде және өзге телеарналарға ұсынылмауы керек. Сондай-ақ, ұзақтығы 15–30 сек болатын клиптің трейлері тұсаукесер мерзімінен бір апта бұрын жіберілуі қажет.