Әнші «Домажор» тобының орындаушысы, өзінің группаласы Айдос Омаровпен бірге дуэтте орындайтын «Өмір ғажап» әніне бейнебаян түсірмек. Бұл идеяның туындауының өзіндік хикаясы да бар. Оны Қайрат:


«Бір тойда бір мейман: «Қайрат сенің «Өмір ғажап» әніңе бейнебаян түсіріп бергім келіп отыр» - деді. Ұлты – орыс. Есімі Шыңғыс екен. Қазақ десе жанын береді. «Жоқ, аға, рахмет» десем де, қазақ өнеріне өз үлесін қосқысы келетінін айтты. Қатты қуандым» - деп, күлкімен еске алды.


Сондай – ақ, лириканы жаны сүйетін әнші наурызда жаңа туынды ұсынады. Жаңа әннің сөзі «Жұбатуға арналады бұл әнім» хитын жазған – Еркебұлан Кенехандікі, әні – Дәурен Шегербаевтікі. Әннің атауын әзірге құпияда сақтауды жөн көрді.

Наурыздың соңына қарай әнсапар да жоспарда бар. Тараз, Шымкент қалаларынан бастау алмақ.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар