“Азия” тобы бір кездері музыкалық чарттарда жоғарғы орындарда тұратын. Алайда, танымалдықтың шыңында топ сахнадан жоғалып кетті. Оған кім кінәлі екенін Ренат Баситтің өзі былай ойлайды.

Ренат Басит, “Азия” тобының мүшесі:
«Енді Азия жоғалғанда жігіттердің кінәсі жоқ».

Онда, топ қандай себеппен сахнадан тыс қалды?
«Ол жерде мен кінәлімін. Бір-екі жыл жатып қалдым. Ауырдым, үйттім, бүйттім. Аяққа енді тұрдық. Енді бір нәрсе жасаймыз ба деген ойдамыз».

Жарайды, кінәні мойыңызға алдыңыз. Бірақ, осыдан 7 ай бұрын сіз «Соқыр махаббат» фильмінде басты рөлді сомдап едіңіз. Оған уақытыңыз да, денсаулығыңыз да жетті. Айтпақшы, досыңыз Қайрат жарын Жұлдызды киноға түсіріп, шынымен де жұлдыз қылды. Ал, сіз де әйеліңізбен киноға түсетін ой бар ма?
«Жоқ енді менің әйелім актриса емес қой. Ал, Жұлдыз актриса. Мамандығы профессиональная актриса. Оған түсуге болады».

Ренат Баситтің ойынша киноға тек білімі бар жандар түсу керек. Құрметті әншілер ескере жүрерсіздер. Ал, топтың жаңалықтарына тоқталсақ?
«Көп жаңалықты енді Азияға бұрып жатырмыз. Құдай қаласа бейнеклип, концерттер ойда. Сонымен жұмыс істейміз ба деген ойдамыз».

Бейнебаян түсіретін ән қазір таңдалу үстінде.
«Барлық жерде махаббат қой. Бірақ кішігірім быстрый темпке түсіргіміз кеп тұр. Билейтін, көңіл көтеретін деген сияқты».

Әншілердің барлығы жаңа жылға дайындықты бастап кетті. «Азия» тобы да жаңалықтардың кейбірін мерекеге қарсы ұсынса, қалғанын кейінірек елге тарту етпек.
«Концерт енді әлі концерт жасау үшін кішкене дайындық керек. Жаңа жылдан кейін енді аралаймыз ба деген ой Азия тобымен бірақ қалаларды. Клип жайында жаңа жылға дейін шығады деген ойдамыз».
Ендеше, көп күттірген топтың жаңалықтарын жаңа жылда, жаңа форматта күтіңіздер. Сөзіңізде тұрасыз деп ойлаймыз Ренат. Өйткені, айтылған сөз атылған оқпен тең. +�� H�

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар