Ұлттық музыкамызды насихаттаушы «Хассақ» тобы Лондонға аттанды. Топ Англия астанасында өтетін «Symphony of Silk and Metall» жобасына шақырту алды. Аталмыш шарада елімізбен қоса Түркия, Қытай, Иран және Америка қатыспақ. Аталмыш жоба Ұлы Жібек Жолына арналған. Сондықтан, түрік композиторлар Хассаққа арнайы 5 минуттық туындыны шығарды. Ол шығармада еліміздің тарихы мен табиғаты баяндалады. Айтпақшы, дайындық барысы да Түркия елінде өтіпті. Сонымен қатар, этно-фольклорлық ансамблі Қытай еліне қайта шақырту алды. Олар қарашаның соңында Бейжіңге жол тартпақ. Ол жерде Бейжің консерваториясының ұйымдастыруымен топтың 2 күндік кеші өткізілмек. Ендеше, Той Думан арнасы «Хассақ» тобына тек шығармашылық табыс тілейді. Еліміздің атын асқақтата беріңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар