«Апа» әні бір кездері тойларда хитке айналған. Алайда, оны кім айтатынын жұрт білмеді. Бірақ, осыдан 4 ай бұрын аталмыш әннің орындаушысы Руслан Сәтенов бейнебаян түсіріп, ел оны тани бастады. Иә, аз уақыттың ішінде аталмыш бейнеклипті Yuоtube тегі Той Думан каналында 7 миллионнан аса адам тамашалап үлгеріпті. Осылайша, Руслан Ернар Айдардан кейінгі рекорсмен атанды.

Осыдан екі күн бұрын Сәтенов әлеуметтік желіде мынадай пост жасап, «барлығын тастадым, жаңа өмір бастаймын» деген жазумен суретін жариялады. Ал, күні кеше Руслан Сәтенов жолапатына түсті. Аталмыш оқиға Шымкент пен Кентауға тартатын тас жолында орын алды. Бұл туралы әншініңЕрқанат атты көмекшісі хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Руслан өзін нашар сезінуде. Ендеше, біз Русланға тезірек сауғып кетуін тілейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар