Мұзарт тобының құрылғанына 16 жыл. Иә, тарихи топ сахнада тұрып көрермендерді талай жылатып, талай күлдірді. Алайда, топтың құрамы өзгерген болатын. Қазіргі таңда Мақсаттың орнында Мұзартта Кенжебек Жанабілов еркелеп жүр. Ол, Мейрамбек Беспаевтің ізін қуып, шығармашылық кешін өткізбек.

Кенжебек Жанәбілов, әнші:

«Мұзарт тобына келгеніме 12 жыл болды. 12 жыл деген ол аз деп айта алмайсын. Өйткені 12 жыл тұрмақ, 5 жыл, 3-4 жылдың ішінде тарап кетіп жатқан қаншама топтарымыз бар. Сондықтан мен енді 12 жылдың ішінде жеке шығармашылығыма жинаған әндердің барлығы бір концерттің бағдарламасы болып қалған екен уже».

Үлкен кешке әндер жеткілікті дейді әншінің өзі. Олардың жартысын Кенжебек жалғыз орындаса, өзгелері дуэтке арналған.

«Бір 20 дан аса әндерім бар. Бірге қосылып жазылған дуэттерім бар. Мақпал Жүнісовамен, Жұбаныш Жексенмен, Баян Нұрмышевамен, Жаңабай Өтегенмен жаздым».

Әншінің тағы бір тосын-сыйы бар.

«Алла жақында тағы бір дуэт тамашалайсыздар деген ойдамын».

Құпия болмаса, Кенжебек, дуэтті кіммен орындамақсыз?


Серік Ибрагимовпен жоспарлап қойғанбыз. Оны айтып келе жатқаныма 2 жылдың көлемі болды. Жақында сіздер оны да тамашалайсыздар.

Шығармашылық концерт өткізу әр кімнің қолынан келе бермейді. Сіз өзіңіз дайынсыз ба?

«Мен дайынмын. Ол кісілер дайын болса, мен дайынмын. Маған дайынсын ба деді. Мен дайынмын дедім».

Ммм, сонда кісілер дегеніңіз кім?

«Біз концертті Астанада береміз деп отырмыз Алла қаласа. Сол Астана Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұловтың ұйымдастыруымен. Алла қаласа сол кісінің ұйымдастыруымен Астана өткіземіз».

Жарайды, онда сол кісілер дайын болған соң, шығармашылық кешіне шақырарсыз. Ал, Той Думан арнасы әншіге тек шығармашылық табыс
тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар