Еліміздің ерке баласы Төреғали Төреәлі 5 кешін өткізіп, халықты бір қуантты. Енді міне, әнші ары қарай халықтың батасын алмақ. Төреғали 5 қарашадан бастап гастрольдік сапарға аттанады. Біріншіден кешті ол туған жері Байқонырда өткізбек. Ары қарай Төреш Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларына жол тартады. Айта кетейік, бұл жолы концертті әнші қазақ қыздарға емес, «қазақ жастарына» арнайды. Ал, кештің қонақтары оның өмірдегі, өнердегі достары Құрал Молжанов, Қайнар Алагөзов және Аян Сеитов. Айтпақшы, күні кеше Қайрат та гастрольдік сапарды жоспарлағанын айтқан болатынбыз. Оның концертінде жүргізуші жары Жұлдыз болса, Төреғалидің кешінде Толқын болмайды. Бірақ, шығармашылық кештер қызықты болатыны анық. Сондықтан, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар