Күні кеше Ғаділбек Жаңай той жасады. Оған себеп болған «Керек екенсің» атты әннің тұсаукесері. Иә, сол күні Жаңайды қолдауға әріптестері де, достары да келді. Әнші оларды өзі қарсы алып, тойды бастап кетті.

Жо-жоқ, Ғаділбек бұл тойдың асабасы емес.

Кештің жүргізушісі- Қайрат Әділгерей. Ол тойдың иесін ресейлік әншіге ұқсатады екен.
Қайрат Әділгерей, актер:
«Жалпы Ғаділбек жүректі әнші. Мен Ғаділбекті салыстырады ғой мысалы, шетелдің әншілерімен, Россияның әншілерімен салыстырса, Ғаділбекті мен Сосо Павлияшвилимен салыстырамын. Сондай деңгейде көремін».


Ән жарыққа шыққан соң, Ғаділбек сазгермен әлі де кездеспепті. Сондықтан, ол әннің шығу тарихынан бейхабар.
Ғаділбек Жаңай, әнші:
«Бахытпен кішкене өкініштілеу, әлі дұрыс сөйлесе алмай жатырмыз ол тақырып бойынша, ән бойынша. Бір отыра алмадық. Баха кешірші, келемін бұйырса. Енді Бахыттан алдым әнді. Содан кейін сөзін жазып, ән шықты. Одан кейін ол өзінің шаруасымен, күнделікті тірлікпен кеттік. Бір әлі жақын кіре алмай жатырмыз бұл әннің қалай шыққан тарихы жөнінде. Бірақ бір білетін Бахыттың бұл жүректен шыққан әні екенін».

Ендеше, Ғаділбек, тыңдаңыз. Сіздің әніңіз махаббаттың арқасында өмірге келді.
Бахыт Бидаш, сазгер:
«Бұл әннің шығу тарихы бір айдың ішінде шықты. Бұл әнге себепкер болған бір ару қыз. Қазір барлығы жақсы. Кездесіп, әнді бірге тыңдаймыз. Және бұл әнді кімге берсем екен деп ойландым. Бірақ соның ішінде Ғаділбек Жаңай ағамыз есіме түсті. Сол кісінің орындағаны маған өте қатты ұнады».

Әндер шырқалып, тілектер айтылып болған соң, «керек екенсің» бейнебаянының тұсауы кесілді.

Бейнебаянды көрген жұрт Ғаділбекке шапалақ ұрып, құттықтауларға кірісті. Олардың қатарында Марат Омаров та бар. Бірақ, көрсетілген дүние көңілден шықты ма, біз әншілердің өзінен сұрастыруды жөн көрдік. Ал, Марат мырза туынды жүрегіңізден орын алды ма?
Марат Омаров, әнші:
«Қарап отырып сондай табиғаттық сезімге сүйсіндім. Ринат бауырымыз сөзін жазып, жеткізе алды. Енді бұданда жақсылап жасауға да мүмкіншілік болар ма еді. Әрине әр нәрсенің өзінің шыңы бар. Және де кемшіліктерсіз тағы болмайды ғой. Ұнады, бірақ дегенмен ішінде асығыстау жасалып қойған дүниелер болды-ау деген ойдамын».

Алайда, «Заман» тобының әншілері олай ойламайды.
Заман тобы:
«Қарап отырсан, әні мен сөзі ұйқасқан. Клип соған келіскен. Қарап отырған кезде, бір өмірден мысалға өзінен сондай жұбынан айрылып жатқан жандар да бар. Қарап отырсан, көзге жас келеді енді. Клип әдемі шыққан».

Мхм, әншілердің пікірлері әр түрлі болды. Ал, Ғаділбек туындыңыз өзіңіздің көңіліңізден шықты ма?
Ғаділбек Жаңай, әнші:
«Енді көңіліміз өзімізге әрқашан тола берсе, өспей қаламыз деп ойлаймын. Өзім көрген тұстары бар. Кемшілік тұстар деп айтпаймын. Өзім қосуға болады ау деген. Енді адам көшіре түзеледі. Келесі бейнебаян бар. Алла жазса қаншасын өмірге алпы келеміз деп ойлаймын енді».

Айтпақшы, бейнеклиптегі жұптар актерлар емес. Олар шынайы өмірдегі ғашықтар.
Ғаділбек Жаңай, әнші:
«Мен көп болмай ақ қояйыншы. Фишка ма, білмедім. Бірақ мен осы жұптарды көбірек кіргізейік дедім. Жаңағы Қыран деген азаматтың, ол өзі келе алмады. Сол азамат өзінің кәдімгі шынайы жастарды, шынайы жұптар олар. Актерлар емес. Шынайы жұптарды түсірген әлемді аралап жүріп».

Байқаған болсаңыздар, қазіргі таңда әншілердің көбісі тұсаукесерді той қылып жасайды. Жарайды, мүмкін солай дұрыс шығар. Ал, Ғаділбектің тұсакесер тойы да өтті. Енді, бейнеклипті тамашап, бағаларыңызды берсеңіздер болады. Ендеше, қазақтың тойы бітпесін.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар