Осыдан бес жыл бұрын Руслан Мамытовтың «жаса қазағым» әні жарыққа шыққан соң, әнші бірден танымалдардың қатарына кірді. Алайда, белгілісіз бір себептермен ол соңғы үш жыл сахнадан жоғалып кетті. Сондықтан, Той Думан арнасы әншіні қайта таныстыруды жөн көрді. Ендеше, таңыс болыңыздар.
Руслан Мамытов, әнші:
«Енді Руслан Мамытов деген менмін. Мен сахнадан жоғалған жоқпын. Әлі де қазақтың өнерін өрге сүйреп келе жатырмын. Менің айтатын әнімді бүкіл қазақ елі білетін шығар деп ойлаймын. Жаса жаса қазақ тілім. Жаса жаса ғажап дінім. Баянды боп азат күнің, бағын таймасын».

Бұл талантты жігіт – Тоқтар Серіковтің шәкірті. Алайда, өнерде өз жолын тапқан әнші қазіргі таңда жалғыс жұмыс істеуде. Сонда, араларыңызда реніштер болды ма, Руслан?:
«Енді өзіміз де аға болдық қой. Маған да шәкірт болатын балалар табылап жатыр. Ағамызға қарап отыра беретін азамат емеспін. Бір нәрседен бір нәрсе шығарып жүрмесем болмайды. Бірақ ол кісімен ешқандай ренжісіп, ия болмаса бір нәрсеге келіспей емес. Өзім бөлек жүрсем одан да жетістіктерге жететін шығармын деп ойлаймын».

Жарайды, онда сахнадан тыс қалуыңызға себепкер болған не?
«Сахнадан жоғалуыма, жоқ болуымның себебі енді әр түрлі жағдайлар болады ғой. Әр адамның өзінің бір тоқырауы, шығармашылықта тоқырауы болады. Жанұяға да байланысты деген сияқты көптеген себептер болды. Енді Аллаға шүкір қазір дүниелер жасап жатырмыз».

Айтпақшы, Мамытовтың «Шын сүйем» атты әніне түсірілген бейнеклипінің түсауы арнамыздан кесілген болатын.
«Енді бұл бейнебаянды түсірген себебіміз түрді таныту болды. Өзіміздің Алматыда түсірілді. Енді көп шығын да болған жоқ».

Қазіргі таңда Руслан продюсермен жұмыс үстеуде.
«Енді ол кісінің атын айтпай ақ қояйын. Алдағы уақытта бола жатар. Енді қазақтың азаматы».
Руслан, енді өнерге жанашырлық танытатын азаматтарды жұрт білу керек емес пе?:
«Қазақтың өнерін алға тартып жүрген азамат. Қаныбек деген ағам менің. Сол ағамызбен шапқылап жүрміз қазір».

Ендеше, Қаныбек мырза мен қайта қолға алған шығармашылығыңызға Той Думан арнасы табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар