Нұрлан Өнербаев дауысымен талай жүректерді тебіренткен белгілі әнші. Ол өнер жолын 1986 жылдан бастаған болатын. Оның орындауындағы «Сағыныш»,«Қазақ қызы», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Қарағым-ай» атты әндерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә.

2008 жылы Нұрлан мырза депутаттық қызметке бет бұрды. Алайда, қызметінің мезгілі біткен соң, 2016 әнші қайта шығармашылығын қолға алды. Енді міне, Өнербаев мырза көп күттірген шығармашылық кешін өткізбек. «Сағыныш» атты концерт 24 қарашада, Республика сарайына жоспарланған. Ендеше, сағындырған әндер шырқалатын кештен қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар