Ешқашан өзгермейтін Шахизада ханым көрші елге барып қайтты. Нақтырақ айтсақ, ол ыстық шәйді терлеп ішетін Ташкент қаласынан оралды. Ал, Шахизада ханым ол жаққа жәй бардыңыз ба?

Шахизада, әнші:

«Енді сонау алыс жерге ерігіп бармаймыз ғой. Жұмыс бабымен барамыз да енді».

Мхм, жұмыс бабымен екенін біз Бауыржан Рахымбековтің сөзінен түсіндік. Ал, не істеп қайттыңыздар?

Бауыржан Рахымбеков, әнші:

«Шахизада екеуміз келісіп. Ташкентке барып түсіруді ұйғарып. Клипімізді түсіріп келдік».

Иә, өмірдегі, өнердегі досы Бауыржан мырзамен Шахизада ханым ән шығарды.

«Екі дуэтке бейнебаян түсірдік. Бауыржанмен «екеуміз» деген жаңа ән жарыққа шықты. Сол әнге байланысты бейнебаян шықты. Дайындық үстінде қазір».

Сонда, екінші дуэт кіммен болды?

«Бек деген актер азамат. Бектің ұсынысы бойынша сізбен дуэт орындасам деген. Содан менде көптен айтылмай жүрген «не болады екенбіз» деген жақсы лирикалық ән болатын. Сол әннің шығатын уақыты келді ме. Сол Бекке айттым осындай әдемі ән бар. Егер орындаған келсе, бірге орындайық деп».

Бірден осыншама бейнебаян түсіру оңай емес. Оны Шахизада ханым да біледі.

«Қиындыққа түсті. Бірақ енді психологиялық жағынан өзіміз дайын болып қойдық қой. Өйткені оңай емес екенін білеміз. Таң атқанша, таңғы 6-7 ұйқтамаймыз. Таңертен 8 де тұрамыз. 3 күннің ішінде 3 бейнебаян түсіру оңай емес қой».

Екі бейнеклип бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

«Бауыржан екеуміздің дуэтімізде эстрадалық ән ғой енді. Жеңіл, махаббат туралы. Онда басқа образ болды. Ал Бекпенен рок стильде болды».

Мхм, ән махаббат жайлы болса, екеулеріңіз ғашықтардың рөлін сомдадыңыздар ғой сонда, Бауыржын мырза?

«Біраз сюжетте екеуміз рөлді ойнап шықтық. Оны қалай ойнадық, не туралы болды әзірге құпия болсын».

Жарайды, құпия күйінде қала берсін. Бірақ, көрермендеріңізге бір ауыз айтып қойсаңыздар дұрыс болар еді.

«Біз образды ойнаймыз. Мен Бауыржанды ойнамаймын. Шахизада Шахизаданы ойнамайды. Әнге байланысты біз образды сомдаймыз. Оны көрермендер дұрыс түсінеді деген ойдамыз. Өйткені біз өнерде жүрген адамдармыз ғой».


Бір оқпен 3 қоянды атқан Шахизада ханым бір сұхбатында шығармашылығына білек сыбана кірісіп жатқанын айтқан болатын. Шахизада ханым сөзінде тұрды. Ал, ендеше туындылар дайын болған соң, бағасын бере жатарсыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар