Осыдан 2 жыл бұрын "ABU TV song" Азия-Тынық мұхит телефестиваліне еліміздің атынан алғаш болып Димаш Құдайбергенов қатысқан болатын. Димаш Түркияда өткен фестивальде «Дайдидау» әнімен бүкіл халықты тамсандырды. Ал, өткен жылы жобада Ayree өнер көрсетті. Аталмыш шара осымен 6 рет өткізілуде. Бұл жолы Қытайда ат басын тіреген шараға Ғазрет Ержанов аттанды. Айта кетейік, Ғазрет жас актер. Ол Асқар Бисембиннің «Больше чем кино» атты туындысында басты рөлдердің бірін сомдайды. Ержанов халық әні «Япыр-ай»-ды орындап шықты. Ал, ендеше Той Думан арнасы отандасымызға сәттілік тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар