Қазақтың Қара баласы Нұржан Керменбаев көптен күткен 10 жылдық есеп беру кешін өткізді. Әрине, жанды дауыста. Ал, сіздер кештен қалып қойсаңыздар, мұнаймаңыздар. Өйткені Той Думан арнасы сахна мен сахнадан тыс болған жағдайларды айтуға дайын. Сондықтан, экранға қарай жақындай түсіңіздер.

Superstar жобасынан танымал бола бастаған әнші бұл кешіне күні-түні дайындалды. Бірнеше ай бойы уайымдаған концертін аяқтаған қара баланың арқасынан жүк түсіпті.
Нұржан Керменбаев, әнші:
«Әрине бір эйфория үстіндемін. Ауыр жүк түскеннен кейін болды қазір не істесемде өзім білем деген сезімде тұрмын».

Айтпақшы, есеп беру кешіне әнші тек ән жағынан дайындалған жоқ. Нұржан дене бітіміне де көп көңіл бөлген. Байқасаңыздар, Қазақтың Қара домалақ баласы кәдімгідей салмақ тастаған.

«Рас енді негізі оңай емес екен. Мен арықтап қалдым. Достарым біраз айтып жатыр. Камерадан кішігірім көрінбей қалуы мүмкін. Негізі айтды бетін барлығы солып қалды деп. Мен соңғы күндері әсіресе қатты қобалжығаннан ба енді білмеймін бір жәй ғана аппетит жоқ. Қазір енді тамақтан жібереміз».

Республика сарайының залында аталмыш күні бос орын болған жоқ. Халық Нұржанмен қосылып ән салып, тамсанып отырды. Сонымен, кеш біткен соң біз саулнаманы жүргізуді жөн көрдік. Ал, Нұржанның сүйікті тыңдармандары кеш ұнады ма?

«Керемет әндерімен бүгін сусындатты. Халық та риза мінекей. Өзіміздің көзіміз жетті. Тағы да бүгін өзін дәлелдеді» деген пікірлер айтыла бастады.

Тыңдармандарына ұнаған концерт Нұржанның да көңілінен шықты.
«Кешке көңілім толды. Әрине сіздер оның ішінде бір білмейтін нюанстар бар. Ол сіздерге білінбей кетеді. Ал, маған өзіме білінеді. Өйткені жұмыс барысында адам жүрген кезде минус та, плюс та байқалады. Мен енді минустарды біле тұра жақсы деген баға беремін өзіме» деп қоса кетті әнші.

Кештің ортасында Нұржан залға қарай жол тартты. Ол халықпен ән айтып тұрып, суретке де түсіп үлгерді.
Дуэттер аз болғанымен, кешке әріптестері қонақ болып келді. Ал, аға буын өкілі Алтынбек Қоразбаев немере шәкіртіне мынадай баға берді.

Алтынбек Қоразбаев, композитор, әнші;

«Ең ұнаған жері енді бұл кейінгі әншілерге де сабақ болу керек, бастан аяқ 27 ән барлығы да тірі жанды дауыспен. Бұл енді жаңалық деп айтуға болады».
Шынымен де жоғарғы деңгейде өтті. Жанды дауыс, кәсіби бэнд, би қойылымдары, киім үлгісі, барлығы да Қара балаға үйлесімді.
Ендеше, біз Нұржанды шығармашылық кешімен құттықтаймыз. Жарайсың.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар