Тәтті аруларға арнап ән салатын Әбдіжаппар Әлқожа күні кеше «Тәтті ару» атты шығармашылық кешін өткізді. 2 сағаттың ішінде Әбдіжаппар 45 ән айтып шықты. Әрине, жалғыз емес. Концертте дуэттер те болды. Ал, ең бастысы әншінің басты арманы орындалды.

Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
«Достарым келіп, бауырларым келіп, тыңдармандар құттықтап жатыр, гүл беріп жатыр. Маған одан асқан бақыт жоқ. Мен үшін соның барлығы керемет. Бүгін бір арманыма жеттім десе болады».

Осынау арманына жетуіне үлес қосқан жандарды да әнші ұмытпады. Оларға өз сыйын дайындап қойыпты.
Әрине, әр кеш өзгеше. Ал, Әбдіжаппар сіздің концертіңіздің басты ерекшелігі неде?
«Мен Әбдіжаппар Әлқожа эстрададағы біреу ғанамын. Мысалға, басқа әншілер де біреу ғана. Сол секілді мен де біреумін. Әр кімнің өз ерекшелігімен шығады ғой. Көшіріп шыға алмаймын. Сондықтан менің кешімнің ерекшелігі концертті мен бергенім».

Концерке Әлқожаның өнердегі, өмірдегі досы Нұрболат Абдуллин де қатысты. Олар су жаңа әннің тұсауын тура сол кеште кесті. Айтпақшы, аталмыш әнге екі дос бейнеклип түсірсе, қалай болар екен?

Әншінің әпкесі Роза Әлқожа бауырын қолдап елордадан келді. Үнемі қол үшін созатын Роза ханым бұл жолы тіпті кештің бағдарламасы туралы бейхабар болды. Сондықтан, інісі үшін қобалжыды.

Роза Әлқожа, әнші:
«Бірінші шыққан кезде көзіме жас та келді. Өте қиын екен ештеңе білмеген. Елмен бірге не болады екен деп отырдым. Бірақ сахнада айттым өзімнен бағы асқан жігіт болсыншы деп едім деп. Заманауи, стильді, ізденісі мол әнші ретінде баға берер едім».

Көңілді әндерімен халықтың көңілін жаулап алған Әбдіжаппар Әлқожаның бұл алғаш кеші. Сондықтан, Той Думан арнасы бұл жетістігімен құттықтайды. Алар асуыңыз биік болғай.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар