Топ томпақ әнші Айдарбек Рысбек елімізді гастрольдік сапармен аралап жүр. Қазақ жұрты қонақжайлығы халық қой. Сондықтан, барлығы Айдарбекті етпен қарсы алуда. Соның салдарынан әнші артық салмақ қосып алыпты. Бірақ бұл жағдай Рысбекке кедергі келтірмейді.
Айдарбек Рысбек, әнші:
«Осы биылдан бастап ән сапармен келе жатырмын. Кеше ғана алдынғы қараша айынан бастап Сәтпаев қаласынан бастап, сонымен өзімнің нағашы елім Қызылорда жаққа, Сыр еліне барып концерттерімізбен халқымыздың қошеметіне бөленіп келе жатырмыз».

11 қазан күні Рысбек Сиви Махмудимен «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» атты кеш өткізбек. Осы концерттен Айдабектің үміті зор.
«Қарағанды қаласында болатын концертімізде тек қана менің ғана емес, Сиви ханыммен бірлесіп беретін концертіміз. Ол жерде дуэттер орындалады. Екі-үш әніміз жаңадан жазылған. Және Сиви ханымның жеке әндері. Менің жаңа әндерім дегендей. Құдай қаласа кеш жүргізушісі Асқар Көмекбаев. Және кеш қонағы Нұрман Арыстан бауырымыз болады».

Айтпақшы, байқаған болсаңыздар, әншілердің көбісі гастрольдік сапарда әлеуметтік желіні жаулап алатын сияқты. Бір күнде 1 пост жариялайтын олар, ән сапар кезінде бірден 7-8 сурет пен видео салады. Иә, көбісі бата алып жатқан кезді түсіріп алып, сосын оны парақшаларына жүктейді. Бұл бір-бірлеріңізге еліктеушілік емес пе, Айдарбек?
«0300 Шыны керек, еліктеушілік жоқ»

Мхм, онда осы жағдайды түсіндіріп өтсеңіз.
«Халықтың ықыласына бөленіп жатқаннан кейін, неге салмасқа? Қуанышты сәттер ғой. Осындай-осындай елді көрсетіп, осындай жерде жүргенімізді. Барша ғаламтор жүйесінде қаншама халық отырады. Солар көрсін деген ниет».

Жақында 10 жылдық кешін өткізген Айдарбек секілді Қазақтың Қара Домалақ Баласы Нұрждан Керменбаев енді ол тізімнен шықты. Өйткені, концертке орай әнші 7 килограмм тастады. Негізі, Айдарбекте бір күндері дене бітіміне көп көңіл бөлген. Сірә, жоспары іске аспаған сияқты.
«Жалпы сапарға дейін 10 килограммдай салмақ тастаған болатынмын. Арнайы диета ұстап. Енді ауыл аралағаннан кейін, оның үстіне қазағымыз негізі қонақжай халық қой. Барған жерінде етінді асып қояды. Жемимін десен де болмайды».

Ал, артық салмақты тастаған соң, әріптесіңіз секілді Республика сарайында кеш беруді армандайсыз ба?
«Армандаймыз ғой әрине».


Айдарбек тек армандап қана қоймай, қазірден бастап жоспар құруда.
«Қарағанды қаласынан кейін Тараз, Тараздан кейін Шымкент қаласына аттанып жатырмыз. Бүкіл қазақ елін аралауға ниетіміз бар. Соны біткеннен кейін өзіміздің Алматы қаламызда, Дворец Республикада беретін ой бар».

Ендеше, кешке барлық жағынан дайын болған соң, ескертерсіз. Ал, сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар