Еліміздің ең көрікті жігіттерінің бірі әрі ең жас депутат Асылхан Төлепов бойдақтығымен қоштасты. Асылханның жүрегін жаулап алған Айсұлу атты ару. Үлкен той күні кеше Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті.

Тойда жігіт жолдастың міндетін өнердегі, әрі өмірдегі досы Аян Өтепберген атқарды.

Асылханның ағасы Артұр Төлепов те елге әншілігімен әрі поэзия оқуымен танымал болды. Інісі мен ағасы талай қыздардың жүректерін жаралаған шығар, сірә. Артур сол күні тосын-сый дайындап қойған. Ол поэзия оқып, жиналған қонақтардың алдында сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Сезімін жасыра алмаған ару Төлеповтің жары болуына келісімін берді.

Айтпақшы, айдай сұлудың есімі – Мадина. Сол жерде сері жігіттің отбасы қолдау көрсетіп, ғашықтарды құттықтай бастады. Осыған қарағанда, екінші тойдың да ауылы алыс емес секілді. Ендеше, Той Думан арнасы Төлеповтер отбасына той тойға ұлассын дейді. Құтты болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар