Той Думанда кезекті миллион. Бұл жолы Асан Пердешовтің ізін әдемі дуэт жалғастырды. Олар әрине Иса Әлимусаев пен Фарида Жолдасова. Дуэттің «Диалог» атты әнге түсірілген бейнеклипін миллионнан аса адам тамашлады.

Иса мен Фарида мұндай жетістікке 1 айдың ішінде жетіп отыр. Айта кетейік, Иса бірнеше отандық жобаларда топ жарған жас әнші. Ал, бала күнінен ақ әйгілі Фарида ұзақ уақыт өнерден тыс жүрді. Оған себепші болған әншінің оқуы. Ол Төреғалимен ән салып, сахнаға оралғанын еске салды.

Әнде Иса Фариданы Анкараға да, Анталияғада емес, Алматының бағына кездесуге шақырады. Көп ойланған Жолдасова оның «Қалың малың қанша» туындысына жауап қайтарып, біз жақта ондай салт жоқ дейді. Айтпақшы, бұл әннің сөзін де, әнін де жазған ақын, композитор Ерболат Қарақойшы. Диалог ретінде, әзілмен жазылған туынды көпшіліктің көңілінен шықты десек болады. Айтпақшы, көбісі бұл дуэтті Төреғали мен Еркенің «Ало» әнімен салыстыруда. Ендеше, әдемі дуэттер көп болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар