Бір кездері базарда жұмыс істеп, ақша тауып жүрген Ернар Айдар бүгінде сұранысқа ие әншілердің қатарында. Оның 2012 жылы шыққан «жарығымай» атты бейнеклипі хит болған. Ал, бір кездері оны Қайратқа еліктейді деп сөкті. Алайда, барлығы да өзгерді. Жантүршігерлік жолапатына түскен соң, Ернар өзгеруге бел буды.
«Өміріме өзгеріс алып келгеннен кейін, өнеріме де алып келді. Мен енді көп айтпай ақ қояйын. Қысқа айтайын, ол өзгерісті Алла қаласа алдағы уақытта көре жатарсыздар. Түгелдей өнеріміді өзгерткім келеді. Бұрынғы Ернарды көрмейтін шығар енді».

Иә, оның басты жаңалығы «Күнім сен сөнбеші» атты туындысы болды. 3 айдың ішінде бейнебаянды 10 миллионнан аса адам тамашалады. Бұл рекорд.

Қазіргі таңда әнші «күнім сен сөнбеші» атты гастрольдік сапарда. Ал, ән сапардан кейін ол үлкен шығармашылық кешін өткізеді. Кеш 4 желтоқсан, Республика сарайына жоспарланған. Ернармен бір сахнада бір топ әншілер де өнер көрсетпек.
Сондықтан, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар