Кеше халықтың сүйікті ұлы Мейрамбек Беспаев шығармашылығына 30 жыл толуына орай «елге сәлем» атты концерт өткізді. Кеште жаңа әндермен қатар, халықтың жүрегінен орын алған туындылар шырқалды. Ал, «алғашқы махаббат» әнін жұрт шынымен де ыстық қабылдады.


Концерт жанды дауыста, live-бэндтің сүйемелдеуімен өтті. Сондықтан, кешке әнші көп уақыт дайындалды.
Мейрамбек Беспаев, әнші:
«Енді барымызды саламыз. Көп дайындалдық. Жалпы мен іштей де дайынмын. Сол 30 жыл уақыт зымырап өте шықты осы киелі сахнада.
Мейрамбек мырзаның дауысын естімеген, өнерін бағаламайтын қазақ жоқ шығар, сірә. Әрине, халықтың сүйіктісіне айналған әншіге үкімет те сый көрсетуде. Бірақ, әнші оған қарсы.
«Қазақстанның үкіметінен бір атақ алу үшін жұмыс істеп жүрген жоқпын. Негізі ұят атақ алу, атаққа жұмыс істеген. Еліне бергеннен басқа бақыт жоқ шығар өнерпазға алғаннан гөрі».

Ел сізді бағы жанған талант деп біледі. Осындай жетістікке жетуге кім ықпалын тигізді?
«Әрине мені ән әлеміне алып келген, үлкен сахнаға алып келген әуелі Алла, сосын Алтынбек Қоразбаевтің арқасы шығар. Әрине есте қалса егерде үш қазақтың біріне ол Әбдірахмен Асылбековтің «бозторғай» әні деп білемін».

Иә, Алтынбек мырзаның шәкірттері көп. Алайда, Қоразбаев мырза «Бозторғайынан» ерекше үміт күткен. Тіпті, бір көргеннен талантын байқаған.
Алтынбек Қоразбаев, әнші, композитор:
«9 жасында ғой. «Сағындым Кенен атамды» орындайды екен. Аға мына баланы тыңдап көріңізші, сіздің әніңізді орындайды. Мына орындаққа отырғанда аяғы жетпейтін жерге. Тоғыздағы бала кішкентай ғой. Бірден байқадым келешегі қандай екенін, болашағы қандай екенін».

Мейрамбек мырзаның шығармашылығына 30 жыл толғанымен, бір-екі жыл әнші сахнадан мүлдем көрінбей кетті.
«Мен енді өнерден бас тарту деген ойыма кіріп шықпаған. Мен оны білем өнерсіз ештене болмайтынын. Кішкене ортасында бір үзілістер болған сәттер болды. Студенттік шақтарда бір-екі жылдай жаңағы оқыдық дегендей. Одан кейін мына менің денсаулығыма байланысты 1 жылдай, екі жылдай сахнаға шықпағаным болды. Бірақ оның өзінде де мен әннен кеткен жоқпын. Өнерден кеткен жоқпын».

30 жылдың жартысын әнші МузАртта өткізді. Әрине, өнердің арқасында трио дос болды. Бірақ, серілердің арасында бір кездері түсініспеушіліктер де орын алыпты.
Сәкен Майғазиев, әнші:
«Өмірде де екеуміз доспыз. Бір-бірімізбен бөлісеміз. Қуанышымызға қуана аламыз. Қайғымызға қайғыра аламыз бірге. Ал өмірде келіспеушіліктер болып қалды ма деген сұраққа мен былай жауап берер едім. Келіспеушіліктер орын алады шығармашылық барысында. Ал өмірде бір-біріміздің ала жібімізді аттаған емеспіз».

Аталмыш күні дуэттер көп болды. Бірақ әншілердің арасынан ерекшеленген Ақылбек Жеменей. Ол осыдан екі ай бұрын аяғынан жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. Алайда, ештеңеге қарамастан әнші концерттен бас тартпады.
Ақылбек Жеменей, әнші:
«Осы екі ай бұрын Мейрамбек ағамыз концерт болады деген кезде әлі балдақпен жүргенмін. Сол кезде енді өзіме сөз бергенмін осы 8 қарашаға дейін өзімнің аяғыммен баруым керекпін деп».

«Елге сәлем» атты кешке ел Мейрамбек Беспаевтің қоңыр үнін сағынып келді. 2 сағаттық концертке билеттер алдын ала сатылып кетіп, әншінің тыңдармандары оны көру үшін далада күтті. Иә, кеш жоғарғы бағаға лайық. Жанды дауыс, live-бэнд, жаңа туындылар, әдемі дуэттер. Әрине, би болған жоқ. Бірақ, халық оны дауысы үшін сүйеді. Ендеше, осындай айтулы датаңызбен құттықтаймыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар