Эстрадамызда күн сайын топтар көбеюде. Солардың бірі «Ғашықтар» тобы. Дуэт 4 ай бұрын «Тыңдашы мені» атты тырнақалды туындысымен қазақ шоу-бизнесіне аяқ басқан болатын. Аз уақыттың ішінде топ арнамыздан тағы бір бейнебаянының тұсауын кесуде.
Ғашықтар тобы:
"7 авторлық әніміз «Байла байла» деген 6 ай көлемінде композиторы және де авторы өзім боламын. Иә, «байла байла» деген кішкене латиноға ұқсайтын ән. Екеуміздің ғашықтық сезімізді білдіретін".

Аталмыш әннің авторы Есеттің өзі. Сондықтан, «Байла» деген не сөз екенін түсіндіріп өтсеңіз.
«Байла байла» неге десеңіз, байландым деген сөзден алынған».

Сонда, Махаббат, бір-бірлеріңізге байланып қалғансыздар ма?
"Ерлі-зайыпты болғаннан кейін байланып қалдық".


Сапалы бейнеклип жақсы қаржыны талап етеді. Ал, жұп туындыға мынадай сомманы жұмсапты.
"Ақша жағынан енді 5000 доллар көлемінде түсірілген клип. Жоғары сапада түсірілген деп ойламын".

Иә, жаман емес. Сахнаға енді тәй-тәй басып келе жатқан топ мынадай қаражатты қайдан алды?
"Концерттерге, тойларға шығамыз. Жинап-жинап, вложение дейді ғой. Солай клипке салдық".

Топтың басты стилі-латино. Өйткені, Есеттің жары ыстық жақтың билерін ұнатады екен.
"Себебі мен өзім латино биіне жақын болғаннан кейін, күеуім маған арнап шығарады. Көбінесе менің биіме қарап. Маған ыңғайластырып. Солай биталар латино болып кетеді. Сосын сөздері де кішкене ұқсайды мысалғы байла байла".

Байқасаңыздар, дуэт Бүркіт пен Аишаға еліктейтін секілді.
"Негізінде біз жасырмаймыз Бүркіт пен Аишаға кішкене басында еліктеуіш болды. Ол кісілердің өнерін де қатты құрметтейміз".

Еліктеушіліктен бастаған Ғашықтар тобы қазіргі таңда өз стилін тапты.
"Бара-бара өзіміздің стилімізді таптық. Біріншіден ол латино жаққа көбірек. Екіншіден біздің әнімізде рэп енді болады және де осы әнде бар".

Ал, сіздер Есеттің рэпі мен мың бұралған Махаббаттың биін әлі де тамашаламаған болсаңыздар, youtube-тегі Toi Duman каналына өтіңіздер. Және бағаларыңызды беруді ұмытпаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар