Сүйінші! Еліміздің депутаты, астарлы сөздерге толы жыраулармен белгілі Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір қуаныш. 51 жасқа келген Бекболат мырза ұлды болды. Бұл туралы оның шәкірті Ибрагим Ескендір хабарлады. Ал, сүйінші жаңалықты оқыған желі қолданушылары оны құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Айта кетейік, Тілеухан мырза осыдан екі жыл бұрын қызды болды. Сонымен қатар, көпбалалы әке бірнеше отбасы бар екенін де жасырмайды. Ендеше, Той Думан арнасы Бекболат Тілеуханды құттықтайды. Шекесі торсықтай ұлыңыздың бауы берік болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар