Қалада жаяу серуендегенді ұнататын Серік Ибрагимов қазіргі таңда қызу жұмыс үстінде. Нақтырақ айтсақ, әнші елімізді гастрольдік сапармен араламақ.
Серік Ибрагимов, әнші:
«Оңтүстік Қазақстанға гастрольдік сапар осы қараша айында болады. Бұйыртса қараша айының 18 жұлдызында Қызылордада концерт. Өзімнің туған облысымда».

Сонда кешті тек кіндік қаныңыз тамған жерде бермексіз бе? Әлде басқа өңірлерге де барасыз ба?
«Одан кейін 26 қарашада Шымкентте. Және Тараз қаласында концерт. Бұйыртса барлықтарыңызды күтемін».


Гастрольдік сапар - Серіктің арманына жетуіне бір үлкен қадам екен.
«Ниеттеніп отырмыз үлкен концерт шығармашылық. 5 жылдық концертіміз болады. Құдай бұйыртып жатса, сол Республика сарайында және Астана қаласында да бергіміз келіп отыр».

Айта кетейік, Ибрагимовтің үлкен сахнада өнер көрсеткеніне 5жыл болып қалыпты. Әрине, ол аз емес. Бірақ, Серік сен концерт беруге дайынсың ба?
«Дайынмын деп ойлаймын. Себебі 5 жылдан бері жинаған әндеріміз бар. Кішкене болса да халыққа тараған әндеріміз бар. Басқа да жаңа туындыларымыз бар. Көп жаңалықтар болып жатыр ғой әйтеуір».

Айтпақшы, Ерке Есмаханның «Қайда» әніне түсірілген бейнебаянның жалғасы да жарыққа шықты. «kz жігіт» атты су жаңа туынды 2 күннің ішінде Youtube желісінде миллионнан аса қаралым жинады. Бәлкім, хиттің артынан хит болсын деген оймен Серік Еркеге «Бар, бар» деп жауап қатты.
«Бұл ой деген негізі біраз әнші жігіттердің ойына келген негізі. Біраз кісілер де маған ой салды. Өзімнің де ойлап жүргенім бар еді. Сөйтіп шығардық».

Тілектестіктен Серік бірінші әріптесінің бейнеклипін күтті. Енді міне, әнші түсірілімге кірісіп кетті. Туындыда «Қайда» деп жүрген Еркеге Серік еліміздің бетке ұстар азаматтарын көрсетпек.
«Ол бейнебаянда мен мен деген қазақтың бетке ұстар жігіттерін, барлығын демеймін. Бірақ біразын көресіздер».

Серік, ән Еркеге жауап болған соң, сұлу ару да бейнебаянға түсетін шығар?
«Ол жағы құпия».

Осы әншілердің құпиялары көп. Жарайды, сырларыңызды бейнеклипте айтып берерсіз. Ендеше, сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар