«Болайық бірге» атты әннің арқасында бірден танымал болған Қуандық Рахым содан бері талай бейнебаяндарды жарыққа шығарды. Әрине, жас, әрі заманға талғамы сай әнші бірден халықтың жүрегінен орын алды.

Осыдан 3 ай бұрын Қуандық «Лаула» атты әнге бейнеклип түсірді. Әрине, қызық сюжеті бар туынды көп ұзамай миллионға да жетті. Ал, осыдан 2 күн бұрын Рахым парақшасында мынадай пост жариялады.

Иә, иә әнші қайтадан түсірілім алаңында. Бұл жолы қандай әнге бейнеклип түсіріп жатыр екен? Оны әнші құпияда қалдырғанды жөн көрді. Жарайды, ең бастысы сапалы болса болды. Ендеше, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар