Ақылбек Жеменейдің «Қызыл өрік» әні оның төлқұжатына айналған. Аталмыш туындыға ол бір жыл бұрын бейнебаян да түсірді. Бірақ, содан кейін көрінбей кетті.
Ақылбек Жеменей, әнші:
«Шығармашылық жаңалықтарыма келетін болсақ, өзім де жаман емес. Шұқылап анау-мынау, әндер жасап жатырмын».

Анау-мынау дегеніңіз сонда не?
«Ринат Заитовпен біздің бір трэктарымыз бар. Осы Мейрамбек Беспаев пен «Биші қыз» әніне кезінде бейнебаян түспей қалған. Осы Той Думан арнасынан сол тамаша әндер кетіп жатыру керек. Соған байланысты келесі жылы бейнебаян болады. Ринат Заитовпен бір бейнебаян. Сосын Мейрамбек Беспаевпен».

Әншілердің көбісі жарысып бейнебаян түсіріп, кеш беріп жатса Жеменей мырза барлығын келесі жылға қалдырғанды жөн көрді. Оған себеп болған әншінің денсаулығы.
«Келесі жылдан кірісейін деп отырмын Құдай бұйыртса. Енді аяқты дұрыстау керек. Ең бірінші ән емес, аяқты дұрыстау керек ағайын».

Айта кетейік, осыдан 2 ай бұрын әуежайға асығып бара жатқан Ақылбек мырза аяғын сындырып алды. Аз уақыттың ішінде әнші өз-өзіне келіп, Республика сарайында Мейрамбек Беспаевтің кешінде өнер көрсетті.
«Аяғым екі ай болды Құдайға шүкір қазір басып жатырмын. Осы бір ай ма, екі ай бұрын ба осы концерт болады деген кезде балдақпен жүргенмін. Бір ай бұрын ғой дим. Сол кезде сөз бергенмін 8 қарашаға дейін өз аяғыммен жүруім керекпін деп».

Осы уақыттың ішінде әнші форматын өзгертпек. Әрине, оны сіздер Ринат Заитовпен бірге жазылған туындыда көресіздер. Мүмкін, бір құпиясын ашасыз, Ақылбек мырза?
«Рэп өлеңге үйлесіп жатса, жақсы сөз болып жатса, оқуға болады. Ода тұрған ештене жоқ».

Баяғы бейнеклиптерде неше түрлі образда түскен Ақылбек мырза өзгеруден қорықпайды.
«Стиль өзгергенде, осы стиль ғой. Әр-түрлі киімдерді кие береміз. Негізі менің айтқым келіп тұрғаны, бір бағытта қатып қалмау керек той әндерін айтамын, конкурсқа қатысатын әндер айтамын деп. Қатып қалмау керек деп ойлаймын».

Иә, дұрыс айтасыз. Ал, әріптестеріңізге айтатын кеңесіңіз бар ма?
«Қазақ эстрадасындағы барлық әншілерге айтатыным әр-түрлі өзгеріс жасап, қай жақтын да дәмін көру керек деп ойлаймын. Бір неде қатып қалып тұруға болмайды. Ол қызық болмай қалады».

Шынымен де, қазіргі таңда халық тек дауысқа ғана емес, жұлдыздардың киімі, тіпті шаш үлгісіне де көңіл бөледі. Сондықтан, әншілер стильдің де ерекшіліктерін ескерсе, тіпті керемет болар еді. Сондықтан, Ақылбек Жеменей айтқандай, өзгерістерден қорықпау керек.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар