Еліміздің көк туын бүкіл әлемге желбіретіп жүрген боксшы Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқауы бойынша үздік атанды. Алматыда өткен кеште ол «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атанып, «Жыл спортшысы» атағына иеленді. Сонымен қатар, 2017 жылы боксшы 3 кездесу өткізіп, жеңіске жетті. Ал, биыл WBA рейтингінде Қанат бірінші орынға көтерілді. Айтпақшы, "Жыл таңдауы" жобасының жеңімпаздарын танымал қазақстандықтардан құралған төрешілер таңдап алады. Алайда, "Алтын Адам" лауреатына ие болған тұлғалар ақшалай сыйақы алмайды. Айта кетейік, «Жыл таңдауы - Жыл адамы» фестивалі жыл сайын түрлі саладағы үздіктер есімін жариялайды. Жоба ТМД-ның бес елінде - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Беларусьте өткізіледі және халықаралық мәртебеге ие. Өткен жылы "Жыл таңдауы" жобасында үздік спортшы атағын Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин жеңіп алған болатын. Ендеше, Қанат Исламды Той Думан арнасы құттықтайды. Жеңістер көп болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар