«Сағындырған әндер-ай» талай жанның сүйікті жобасына айналғаны қашан. Оны көпшілігі асыға күтеді. Биыл да дәл солай болды. Оны тек залға жиналған халықтан ғана аңғаруға болады.

Мұндай халықтың жиналатынын жоба авторы Майра Ілиясова да біледі. Сондықтан, бір күнде бір емес, екі бірдей кеш ұйымдастырды. Бұлай жасауының белгісі халықтың сұранысында.
Майра Ілиясова, ҚР еңбегі сіңген әртісі:
«Бұл ән кеші он жыл жүріп жатыр. Он жылда біздің көрермендеріміздің сағынышы басылған емес. Көңілдері ешқашан ортайып, әңгіме айтқандарын естіген емеспін. Қай жерде «Майра қашан болады?», «Сағындырған әндер-ай қашан болады?»- деп сөйтіп жатады».

Халықтың сұранысын орындағысы келгенімен бұл кешке кететін қаржы аз емес.
«11 млн, 33 000 доллар дегенде мен өзім құлап қала жаздадым. Біз бір концертке 40-42 мың долларға дейін баратын кезі болады. Бірақ, біз осы концертіміз... Біз ол сомадан төменірек бағада алғанбыз. Мен әйтеуір айғайласып жүріп әйтеуір төмен түсірдік».

Осындай шығындарға батып жатқандығын өнердегі әріптестері де біледі. Сондықтан, Майра ханымға салмақ салмауға тырысады.
«Мен оларды жақсы көремін. Олар менің «Сағындырған әндер-айымды» өте жақсы көреді. Кейде маған салмақ салмай, кейде емес, үнемі жолдың ақшасын өздері төлеп бәрін сөйтіп келеді. Мен ешқашан анандай ақша төлеп, гонорар төлеп көрген емеспін. Өйткені, оған шамам да келмейді. Оны әншілер жақсы біледі».

Иә, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Осылайша, барша өнер жұлдыздары халықтың сүйікті жобасын жандандырды. Тіпті елдің жүрегіндегі әндерін де шырқады. Абай Бегей, кішкентай бүлдіршін Нұрмұхаммед Жақыппен «Еркем-ай»-ды орындап берді.

Ал, жуырда ғана отау құрғандардың бірі Ернар Айдар сахнаға шығар алдында қобалжып тұрды.
Ернар Айдар, әнші:
«Күніге ән кешке шықсаң да, күніге... Не десем болады?! Ән айтамыз ғой, соның өзінде қобалжу болады, соның өзінде қорқыныш болады. Сол үшін әрдайым қобалжу бар».

Ал, Меруерт Түсіпбаева да сахнаға шығар алдында қобалжып тұрды. Өйткені, Майра апасы маңызды тапсырма беріпті.
Меруерт Түсіпбаева:
«Маған Майра апамыз айтады: «Меруерт, ол ешқашан қозғалмайды ғой, сен шустрыйсың ғой, оны қозғалт» - дейді».

Меруерт ханымның қозғалтуы керек әншінің кім екенін білесіздер ма? Ол қоңыр дауысты әнші. Әлі де таппадыңыздар ма? Жарайды, айта қойыңыз.

Иә, Сержанәлі мырза мен Меруерт ханым «Моншақтым» әнін бірге шырқады. Осылайша, елдің сүйікті туындылары бұл кеште жүректерге жетті. Аталмыш жобаның ғұмыры ұзақ болар деп сенеміз. Ендеше, Той Думан арнасы Майра ханымға сәттілік тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар