Осыдан бір жыл бұрын Дильхан Исаев қазақ сахнасына көтерілген еді. Осы уақыт аралығында әнші алты бірдей бейнебаян түсіріп үлгерді. Соның әсері болар, қазір Дильхан мырза танымал. Тіпті гастрольдік сапарға аттануда.
Дильхан Исаев, әнші:
«Жаңалықтарыма келетін болсақ, 16 және де 20-сы қараша аралығында Сыр өңірі, жыр өңірінде менің ән сапарым жалғасады».

Дильхан мырза, мүмкін, кештеріңіздің нақты қай қалаларда өтетінін айтып берерсіз?
«Енді ән сапарымның өту кестесі жайында нақтырақ айтатын болса... Біз Арал ауданынан бастаймыз, 16-шы қараша күні. Әрі қарай Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі Сырдария. Бүкіл осы аудан орталықтарында, орталық алаңда өнер көрсететін боламыз».

Ал, гастрольдік сапардан оралған соң Дилхан мырза жетінші бейнебаянына кіріспек. Оны әнші дуэт әнге түсірмек.
«Әзіл өлең» әнімде басты рөлді сомдаған Анара Батырхан атты, Айнура офишл деген инстаграм жұлдызымызбен бірге дуэт жазғалы жатырмыз».

Алайда, дуэт әнді әлі таппаған. Қазір олар композиторлардың есігін тоздырып жүр.

«Қазір бүкіл композиторлардан ән қарап жатырмыз. Бұйыртса, ән таңдалғаннан кейін бірден әнді жазып, бейнебаянды түсіріп, сіздердің арналарыңыздан тұсауын кесетін боламыз».

Құрметті композиторлар, егер Дильхан мырзаға ұсынар әніңіз болса, хабарласыңыздар. Мүмкін туындыңыз ұнап қалар. Ал, Исаев мырзаға гастрольдік сапарыңыз сәтті өтсін демекпіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар