Күні кеше өнер әлемінің ханшайымы Сиви Махмуди дүркіретіп туған күнің жасады. Үлкен той Алматы қаласының бір мейрамханасында, шығыс стилінде өтті. Ал, Сиви ханым 18-ге толдыңыз ба?

Сиви Махмуди, әнші:

«30-ға мен жасырмаймын».

Жасырмағаныңыз дұрыс. Бірақ, ұайым да болған шығар?

«Мен шыны керек 30-ға ұзақ уақыт дайындалдым. Бір екі-үш жылдай депрессия болдым. Жасым 27 ге келгенде уже мен дайындала бастадым. Өля 30-ға келіп қалдым деп көп уайымадым. Бірақ дәл қазіргі таңда мен өте бақыттымын. Өйткені 30-ға дейін мен біраз дүниелер жасадым. Кейін мен 30-ға ұқсамаймын».

«Мың бір түн» ертегінің стилінде ұйымдастырылған кешке әншінің киімі де, мейрамхананың безендірулі де сай болды.

«Жалпы барлығы біледі ғой мен шығыс әнші екенімді. Өзімнің мойынымда да, бойымда да, мандайыма да жазылып қойған шығыс стиліндегі әнші, адам деген сияқты.Өйткені өзім сол шығысқа жақынмын. Шығыс стилінде өнер көрсетіп жүрмін».

Тойда екі асаба болды. Біреуі аты шулы Дәурен Айдарқұлов болса, екіншісі әзілкеш Марат Әлібаев.


Әрине аталмыш күні Сивиге талай гүл шоғың, неше түрлі сыйлықтар мен конверттерді сыйға берді.


2016 жылы Махмудидің жары Ансар жарына қымбат көлік сыйлаған болатын. Ал, бұл жолы...

«Жарым қаржылай бар қолдан келгенше көмегің, жүрегің, махаббатың. Одан асқан сыйлық жоқ деп ойлаймын».

Осылайша, керемет тематикалық той басталып кетті.


Туған күнге өнер ордасының майталмандары да келді. Әрине, кешті Ескендір Хасанғалиев пен баласы Біржан әсем әуенмен ашты.


Бұл туған күннің ерекшелігі- әрине дресс-код. Ол шартты көбінесе әйелдер қауымы орындады. Ал, сері жігіттердің атынан Нұрлан Еспанов жауап қатты.

Нұрлан Еспанов, әнші:

«Енді үлгермедім мен. Негізі айтылған болатын. Маған Асхат Тарғын айтты оны. Маған Сиви өзіме айтқан жоқ. Мен енді әдемі болып келейін деп едім. Бүгін киноға түсіп жатқанмын мен. Бір бизнесменнің рөлін сомдағанмын. Үлгермейтін болғаннан кейін сол киіммен бері қарай келдім. Мен жасырмаймын ғой. Мен шындықты айтамын».

Сивидің тойына өнердегі аға-буын өкілдері де құттықтауларын алып келді.

Құдайберген Бекіш, ҚР Мәдениет қайраткері:

«Өнер адамдары, біз ағалары тамаша тойына қуанып келдік. Гүлімізді алып келдік. Сыйлығымызды алып келдік. Біздің сыйлығымыз қазақша конверт қой. Өзі бірдене алар. Үлесіміз сол. Сондықтан Сивидің тамаша тойы құтты болсын. Дені сау болсын. Бұдан да үлкен белестерге жете берсін дейміз».

Армансыз адам қанатсыз құспен тең демекші, Махмудің ең басты армандары орындалды.

«Ең басты арманым тұрмысқа шықтым 22 жасымда. 22 жасымда тұрмысқа шығып, 3 бала алып келдім дүниеге».

«Мың бір түн» атты Сиви Махмудидің туған күнінде болған да, болмаған да арманда. Иә, барлығы керемет өтті. Арнайы безендірілу, Сивидің арнайы тіктірілген киімі, жүргізушілер, билер, әндер-барлығы да жарасымды болды. Ендеше, Той Думан арнасы Сивиді құттықтайды. Бағындырар белестеріңіз көп болғай.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар