Әрине әр өнерпаздың басты арманы-шығармашылық кеш өткізу. Күні кеше Алашұлы сол арманға қол жеткізді. Әрине, ерекше топ кешті ерекше бастады.

Концертке топ жаздан бастап дайындықты бастап кетті. Алайда, қанша дайындалғанмен, киелі сахна кез келген өнер майталманын толқындандырады.
Алашұлы тобы:
«Бұл кешке ұзақ дайындалдық. Әрине қобалжу болады. Өзімізге белгілі біраз кемшіліктер болды. Ол дайындық жағы. Тура концертке басталар алдында бір 30 минут қалған кезде концерттің дайындығы бітті. Бірақ көбісін үлгере қалмай қалдық. Кейбір әндерді тура концерттің алдында жасадық».

Бірақ...
«Бірақ енді халықтың қошеметімен ол кемшіліктерінің ешқайссысы білінбей кетті. Осындай үлкен қошемет соққан елімізге шын жүректен ризамыз».

Айтпақшы, арнамыздың тілшісіне берілген бір сұхбатында топ бұл концерт емес, қазақша шоу болады деген. Әрине, сері жігіттер сөздерінде тұрды.

Кеште 21 ән орындалды. Ал, екі әннің тұсауы тура сахнада кесілді.
«0154 Екі су жаңа ән орындалды. Оны концертке келгендер бірінші болып естіді. Біріншісі «Ауыл бай» деген ән. Оны концертке келген адамдар түсінеді не үшін ауыл бай. Өзіміздің ойымызбен әдемі жащылған ән. Екіншісі «Әке-ана» деген ән. «Тұран» ансамблімен бірге орындадық».

Аталмыш күн сезімге толы болды. Бір ән халықты билетсе, екіншісі жылатты. Иә, «әке-ана» туындысын Алашұлы жүректен өткізіп барып айтты. Әсіресе, бұл әнді орындау Ерзатқа қиынға соқты. Сахнада тұрып ол эмоцияға беріліп кетті. Әрине, ондайды халық түсінеді. Жүректі тебірентер әнді орындап топ ақ жаулықты аналарына гүл шоқтарын сыйға тартты.

Ерзат, бұл сіздің үлкен сахнаға алғаш қадамыңыз. Қобалжу болды ма?
«Әрине басында қобалжу болды. Бірақ сахнаға шыққан кезде халықтың ықыласы, халықтың қошеметімен қобалжу басылды».

Алашұлының есеп беру кеші ойдағыдай өтті. Керемет ән мен би, тебірентер әңгімелер, мықты музыканттар, қойылған жарық, топтың киімдері де халықты тәнті етті. Әрине, кемшіліктер де болды. Бірақ, топтың сахнада өзін өзі ұстау барлын да ұмыттырды. Кеш бастан аяққа дейін қошеметке толы болды. Сондықтан, Той Думан арнасы Алашұлы тобына халықтың ықыласына бөленіп жүре берсін дейді. Ендеше, концерт құтты болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар