Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергенов инстаграм желісіне өзінің әлемдік турнесі өтетінін дара Абайдың өлеңдерімен жеткізді. Димаштың шетелдегі алғаш кеші жайлы білу үшін біз оның әкесі Қанат Айтбаевқа хабарласқан болатынбыз. Оның айтуынша турне 16 желтоқсан, Қытайдан бастау алады. Бұл 27 маусымда ЭКСПО-ның аясында өткен концерттің жалғасы екен. Айта кетейік, әр елдің тілдік ерекшелігіне байланысты концерттік бағдарламаға өзгерістер енгізіліп тұрады. Сонымен қатар, сол елдің әні міндетті түрде орындалады. Ал, аталмыш кештерге билеттер 20 қарашадан бастап сатылымға шығады. Ендеше, отандасымызға Той Думан арнасы тек сәттілік тілейді. Алға, Димаш.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар