Осыдан үш ай бұрын Асхат Тарғын қызы Айыммен түсірген «әке тілегі» атты бейнеклипінің тұсауын арнамыздан кесті. Бүгінгі таңда аталмыш туындыны Youtube тегі Той Думан каналында 230 мыңнан аса адам тамашлап үлгерді. Енді міне, Асхат мырза өзінің шығармашылығына кірісуде.

Асхат Тарғын, әнші:

«Клип түсірдік. Бауыржан Өскенбековтің «Атамекен» деген әніне. Алматыдан 300 шақырым жерде Жалаңаш деген ауыл бар. Сол жаққа барып, далалықта, таудың арасында».


Әншілердің көбісі ауылдан қашқақтайды. Тек, Асхат мырза емес. Өйткені...

«Негізі мен иә, ауылға жақынмын. Өйткені өзім ауылдың баласымын. Ауылдан шықтық. Ауылда өстік».


Қазақи нақышта түсірілген бейнеклип тақырыптан алыстамады.

«Қыз қуу болды. Жетсе жігіт бетінен сүйеді. Қыз жігітті қуады. Жетсе қыз қамшымен сабайды жігітті. Сосын аңға қосып жатқан бүркітті. Аңға салып жатқан оқиғалар. Жалпы арасында өзім де атпен шауып келгенім. Атпен келгенім, атпен шауып бара жатқаным».


Жарайсыз, Тарғын мырза. Бірақ, аттан құлаған кездеріңіз де болған шығар иә?

«Енді ауылда бала кезде құладық қой талай аттан. Бірақ енді атқа шауып жүреміз ғой, білеміз атқа мінуді, атқа шабуды».


Бейнеклип те Асхат мырза аттан құламаса да, рөлдерді сомдаған актерлар мынадай оқиға тап болыпты.

«Рөлде ойнаған қызбала мен жігіт шауып келе жатқан кезде жер тайғақ болып, ат тайып сонымен аттан құлаған жағдай болды. Бірақ енді Құдайға шүкір аман. Ештене сынып, ондай болған жоқ».


Әйтеуір, аман болса болды. Аталмыш туынды қазіргі таңда монтаждалу үстінде. Жуырда ол жарыққа шығады. Алайда, Ғаділбек Жаңай секілді мейрамханада тұсауын кеседі ме, жоқ па, ол құпия болып қалсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар