Қолына баян ұстап алып, келесің, келмесен бір жауап берерсін деп ауылда ән салып жүрген Заир Бегалы енді медбикелерге ән арнап, бейнеклип түсіруде.

Заир осыдан екі ай бұрын арнамызға келіп дәл осы әнге бейнеклип түсіретінін айтқан болатын. Айтылған сөз атылған оқпен тең демекші, әнші сөзінде тұрды.

«Алдында өздеріңізге уәде бергенімді білесіздер. Сол кешігіп уақытында орындалмай қалды. «Медбике» деген қыз. Соны орындап жатырмыз. Соған бейнебаян түсіріп жатырмыз».


Медбикенің ролін Айгерім атты бикеш, ал науқасты Диета.кз тобындағы Жасұлан мырза сомдау керек болатын. Алайда, түсірілім барысында мынадай қиындықтар тап болды.

«Жасұланға кішкене киім сыймай жатқаны болмаса. Бірақ енді қиындықтары бар. Өйткені бір жыл болды клип түсірмегеніме. Кішкене шығып қалыппын. Ыңғайсыздау, ұялып. Жасұланға тамақ жетпей жатыр кішкене».


Жасұлан мырзаға тек тамақ емес, киім де келіспей жатыр екен.

Жасұлан Базарбаев, әнші:

«Бір науқастың рөлін сомдайтын сияқтымын. Бірақ әзірге киім сыймай қалды. Сомдамай қалуымда мүмкін. Егер клипте мен болсам көрсетесіздер, болмасам көрсетпейсіздер. Киімге байланысты науқас боламын, болмаса басқа бір орбазға кететін шығармын деп ойлаймын».


Аталмыш туындының тұсауын Заир тура туған күнінде кеспек.

«Иә, менің 29 туған күнім. 30 жас. Юбилей менде. Бұйыртса сіздер қонақта боласыздар. Соған өз-өзіме және достарымның маған сыйлығы деп ойлаймын. Презентациясы 29 болады».


Туған күнінде өз-өзіне бейнебаян сыйлаған Бегалының қуанышында шекі жоқ. Сол қуанышымен әнші жуырда сіздермен де бөліседі. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар