Кубада бейнеклип түсірген Абай Бегей жуырда Ерке қызын ұзатты. Ол «Әке тілегі» атты әнін арнап, Ақтау қаласында дүркіретіп той өткізген болатын. Әрине, қызын өз жұртына жіберген әнші оны сағынғанын да жасырмайды.


Абай Бегей, әнші:
«Енді уақыт көрсетер. Бірақ сағынады екенсін кетіп қалғаннан кейін. Енді үйреніп кетеміз деп ойлаймын. Қыз бала енді кету керек. Көнеміз енді, амал жоқ».

Сағынсада, Абай мырза Еркеге хабарласуға ұялады.
«Күнде сөйлесіп жүргеннен кейін қазір оның барлығы қалды. Соғуға ұялам. Себебі атасы бар үйінде. Тойдан кейін шынымды айтайын 2 рет сөйлестім. Ондада өзі соққан кезде».

Әнші той кезінде қатты толқыды. Әсересе, Еркеге ән арнаған кезде. Қуанышты күндері жарының жоқтығын Бегей мырза дәл осы сәтте қатты сезінді.
«Әкенің тілегі ғой қызына арнаған. Менде кішкене қиындау болған себебі мен сол сәтте негізі өзімді қатты ұстадым. Бірақ сол сәтте ұстай алмай қалдым. Өйткені анасы болғанда басқаша болар ма еді деген әртүрлі ойлар мені мазалап кетті. Өлең айтқан кезде әрен соны орындап ерекше әсерде болдым».

Ал, той өткен соң, Абай мырза шығармашылығына бірден кірісіп кетті. Тіпті, жуырда ол бейнеклип түсірмек. Бірақ, сүйікті қызына арналған әнге емес.
«Бұл ән «Ностальгия» деп аталады. Кезінде ағаларымыз жаңағы клеш шалбар, үлкен жағалы көйлектер. Ол кезде дискотека болады. Сондай тақырыпта жазылған. Волга, шоха дейді. Шоха деген жигули машина. Сондайға мініп қыздарға қырындайтын едік. Сондай сөзде жазылған».

Аталмыш туындыны ол аға-буын өкілдеріне арнапты.
«Кішкене ерекше болсын. Үлкен кісілерге де бір баяғы кездерді естеріне түсірейік деген оймен сол әнге түсіргіміз келіп жатыр».

Қазіргі таңда әнші дайындық үстінде. Тіпті, 80-жылдарға сай киімді де ойластырып қойыпты.
«Өзім де сол киімді киіп шығамын. Және де біраз актерлер болады. Ол кезде тойлар болатын еді ғой кілемге мақтаға аттарын жазып қоятын. Ол кезде тойға киетін көйлектер басқа болды. Сол жақтарын қарастырып жатырмыз қазір. Сондай форматта түсіреміз. Және қазіргі кезбен араластырып түсіреміз».

Ал, сіздер Абай Бегейді аталып өткен образда көргілеріңіз келсе, күтіңіздер. Ендеше, Той Думан арнасы әншіге тек шығармашылық табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар