Қазақстандағы ең алғашқы продюсер Қыдырәлі Болманов қазіргі таңда қызу дайындық үстінде. Әнші су жаңа ән шығармақ. Бірақ қандай туынды екені әлі белгісіз.

Қыдырәлі Болманов, продюсер, әнші:
«Көптеген керемет ел қабылдаған әндердің авторы Бауыржан Өскенбеков бауырым. Ол өзі өте талантты әнші, композитор. Соның тағы бір әнін қолға алып жатырмын. «Сүйемін» нұсқасын жазып берген болатын».

Қыдырәлі мырза әннің сөзіне қатты көңіл бөледі. Сондықтан аталып кеткен туындының сөзін продюсер мырза 2 жыл іздепті.
«10 нан астам ақындармен жұмыс жасап қарадым. Мелодиясын жібердім. Ол кісілер тыңдап, өзінің көзқарасымен сөз жазып берді. Ол менің айтқым келген сөз емес болатын. Көптеген ақындармен жұмыс істеп екі жылда әбден илеп шаршап кеттім».

10 нан астам ақындардың қатесі, Болманов мырзаның үлкен жүрегіне сыйған махаббатты сөзбен жеткізе алмағандары.
«Мен отанымды сүйемін. Мен даламды да сүйемін. Мен таңды да сүйемін. Мен түнді де сүйемін. Жарымды да сүйемін. Жүргек жуған жанды да сүйемін. Шапан киген әкемді де сүйемін. Мен өмірге алып келген анамды да сүйемін».

Сөйтседе, Айнұр Тұрсынбаеваның көмегімен әйтеуір бір ақын табылыпты. Ол Төреғалидің жан досы Аян Сейітов.
«Бір сүйемін мен бір кітап жазуға болады. Бірақ бұл жерде сүйемін көп. Сөйтіп өзі ілегімен келе қалды да. Аян екеуміз отырып реттестіріп. Аян зырылдатып жазып. Сол жерде тағы да бір екі-үш қанашұмағын өзгерттік».

Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов Ұлытау тобының продюсері. Қазіргі таңда олардың басты арманы - Американы бағындыру.
«Біздің о бастан алған стратегиялық бағытымыз ол әлемдің Грэммиға қол жеткізу. Әрине ол өте күрделі. Бірақ мүмкін. Сондықтан 1-2 жылдың ішінде бұйыртса Америкаға жолсапар шегіп қалуымыз мүмкін».

Әрине, ол үшін тыңбай жұмыс істеуде.
«Осы жердегі біраз дүниеміздің, негізгі дайындық сол Америкаға жүріп жатыр. Ұлытау тобы жетісіне 3-4 дайындық жасап отырады. Сондықтан Ұлытаумен алдағы жоспарларымыз өте көп».

Ендеше, Ұлытау тобына тек сәттілік тілейміз. Бүкіл әлемді өнермен тамсандыруларыңызға тілектеспіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар