Гүлнұр Оразымбетованың әндерін кім жазады? Әй, жарайды ол маңызды емес. Ең қызығы бұл жолы оған әнді Тұрсынбек Қабатовтің өзі сыйлады. Иә, иә Тұрсынбек енді композитор.

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:
«Тұрсынбек бұл әнді 2-3 жыл бұрын айтқан. Бір ән бар, сенің дауысына келеді деп. Мен де соны естіп алдымда ізінен қалған жоқпын 3 жыл. Көрген жерде ән қайда, ән қайда деп».

Ал, сосын Гүлнұр ханым?
«Жақында өзі хабарлысып Гүлнұр осындай бір ән дауысына келіп жатса орындай ғой деп маған айтты. Өте әдемі ән. Көңіл күйді көтеретін, позитивті».

Бұл Тұрсыбек мырзаның бірінші әні ме, оны білмейміз. Ұзын құлақтан естуімізше, тағы бір әнді ол Ғаділбек Жаңайға жазыпты.
«Композиторы Тұрсынбек Қабатов. Сөзі Меруерт деген жас ақын қыз. Енді қыздың ойын қыз ғана жеткізе алады деп Меруертке бердік».

Су жаңа әннің аты «Сен керексін» немесе «Сен маған керексін». Ғаділбектің «Керек екенсін» әнімен аттас, байқадыңыздыр ма?
«Сен керексін. Сен маған керексін. Әлі толық бір мынандай қатып қалған тақырып. Мүмкін өзгеріп қалуы да мүмкін».

Аталмыш әнді орындау Оразымбетова ханымға қиынға соқты. Себебі...
«Маған әнді айтып шығу кәдімгідей жауапкершілік болып тұр. Себебі Тұрсынбек өзі студияға барып менің тональностімді әнді жазып кәдімгідей еңбектенген».

Туынды қазіргі таңда өңделу үстінде. Ал, оны өңдеп жатқан Ұшқын Жамалбек.
«Қазір Ұшқынның ұсыны бойынша біз аспаптарды Өзбекстанға арнайы өңдеуге жіберіп сол жақтан аспаптарды жаздыртамыз».

Өзбекстаннан арнайы аспаптардың дыбысы жазылса, онда ән ырғақты болғаны ғой. Иә, Заттыбек мырза қазақ әндерін тойға еңгізсе, Гүлнұр ханым қайта сол өзбек елінің ырғақтарын жаңартуда. Жарайды, көре жатармыз. Бірақ, халыққа бір айтарымыз бар-тойға киетін көйлектеріңізді дайындай беріңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар