Еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин Мехиконың «Моктесума» ауруханасында емделіп жатқан балалардың хал-жағдайын сұрап шықты. Кездесу барысында спортшы бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтарды сыйға тартты. Аталмыш ауруханада жер сілкінісінен жарақат алғандармен қатар онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар да жатыр. Осы жәрдемі үшін Мехико штатының губернаторы оған ерекше алғыс айтып, марапат ұсынды.Иә, иә біздің отандасымыз Мехиконың құрметті елшісі марапатына ие болды. Сонымен қатар, Головкинде көз қуантарлық тағы бір жаңалығы бар. Ол «GGG үш есе қуат» атты энергетикалық сусын шығармақ. Головкиннің командасы жаңа сусын жайлы промо-ролик дайындап жатыр. Бұл туралы боксшы өз инстаграм парақшасында хабарлады. Ендеше, құттықтаймыз. Тек алға.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар