90 жылдары хит болған Меруерт Түсіпбаеваны қазіргі таңда халық сағынып жүр. Бірақ, сахнадан тыс қалды деп жүргендерге әншінің жауабы бар.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
«Неге маған адамдардың барлығы жоғалып кеттіңіз дейді? Мен жоғалған жоқпын. Мен бармын».

Бармын дегенімен, көгілдір экраннан сирек көреміз. Сөйтсек, оның сыры мынада екен.
«Мен көп бара бермеймін шақырған жерлерге. Өзім ұнайтын концерттерге қатысамын. Ұнайтын арналарға сұхбат беремін. Бергім келмеген арналарға сұхбат бермеймін. Ток-шоу өте көп. Ана ток-шоуға келе кетіңіз, мына ток-шоуға келе кетіңіз. Ондайда қыздарға айттым. Қыздар, эксперт қылғыларыңыз келсе, ақша төлендер».

Дегенмен, әнші шығармашылықпен айналысуда. Қазіргі таңда Меруерт ханым бірнеше су жаңа әнге кірістіп кетті.
«Әрине жаңа әндер жазылып жатыр. Сейфуллин Жолбарыстың әнін жаздым лирикалық. Бәлкім соған бейнеклип түсіремін. Енді жаңа ән өте көп. Ермек Елгезековтің жаңа әні. Ғалым Жұмағұловтың жаңа әндері бар».

Баяу әндерімен халықтың жүрегінен орын алған Түсіпбаева ханым бағытын өзгертпейді.
«Бір уақытта қазақтың Булановасы ылғи жыланқы әндер айтады деп бұл маған Буланова деп ат қойған. Содан кейін әрине мен біраз тырысып басқаша әндер айтып көрдім. Бірақ қанша басқа бағытта әндер орындасам да, елдер мені сол «Ақ жауын», «Қимай сені барамын», «Жан аға» деген сияқты әндерімді сұрап тұрады».

2018 жылы- әнші жерлестеріне тосын-сый дайындауда. Өйткені...
«Мен биыл 25 жыл толады сахнадағы өнеріме. 18-ші жылы Павлодар облысына барамын сол жаңағы өзімнің жерлестерімнің шақыруымен».

Павлодарлықтар, сүйікті әншіңізді күтіңіздер. Ал, Той Думан арнасы нәзік дауыс иесіне тек шығармашылық табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар