Еліміздің ең танымал актрисаларының бірі Айгүл Иманбаева шығармашылық кеш өткізбек. Жо-жоқ, кеш тек әндермен шектелмейді. Айгүл ханым «Бабаларым, рахмет сендерге» атты концерт-спектакль ұйымдастыруда. Аталмыш шара Алматы қаласы әкімдігі "Мәдениет және архивтер" басқармасының қолдауымен жасалуда. Ал, өтетін орны Республика сарайы, 29 қараша. Айта кетейік, концерт-спектакльдің авторы қазақ өнерінің жанашыры Назгүл Сарыбаева. Ал, басты рөлдерде елге таным өнер майталмандары болмақ. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Болат Әбділманов, Асылхан Төлепов, Айгүл Иманбаева және тағы басқалар. Ендеше, қапы қалмаңыздар!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар