Осыдан бірнеше ай бұрын Ернар Айдар көлік апатына ұшырап, тыңдармандарын уайымға бір салып алған болатын. Одан кейін әнші бейнебаян түсіріп ел назарына ұсынды. Енді міне, Ернар сахнаға оралуда.

Бұл жай ғана би емес. Жуырда өтетін сахнадағы 5 жылдық мерейтойына арналған концертіне дайындық. Әнші онда билейді. Осылайша, тыңдармандарын қуантпақ. Алайда, кештің басқа да ерекшелігі бар. Әсіресе үлкен жастағы көрермендерге.
Ернар Айдар, әнші:
«Бір бөлімді театрмен бірге қойылым істеп жатырмыз. Ол да ұнап жатыр. Мағыналық, терең ой салатын. Қойылым болайын деп жатыр».


Бірақ, Ернар жас тыңдармандарын да ұмытпақ емес. Оларды да мынадай тосын сыймен қуантпақ.
«Диджей дейді ғой, бір. Жаңағы қыздырып отыратын. Үнтаспаларды бір өзгешелендіріп. Музыкаларын, әуендерін. Сондай шақырып жатырмыз».


Кеш барысында 30-ға жуық ән орындалады. Оның 10 жаңа туындылар. Қазірдің өзінде осылардың барлығын күнде қайталап жүр. Тіпті концерттің қандай боларын, үйіндегілер бес саусақтай біледі.
«Дайындықтарымды күніге қайталап жүремін ғой. Аз маз үйдегілерге де концерт беріп аламын. Қайта-қайта қайталап. Сол үшін... Іштей өзім дайынмын».

Айтпақшы, Ернар халыққа келінін көрсетесің ба? Ол да кештен табыла ма?
«Ол келіп не істейді? Мен ән айтамын. Ол әнші емес, ол биші емес.Өзі тамақ істеуді енді үйреніп жүрген адам. Кішкентай қыз. Сол үшін ол үйде отырады. Үйде ешкім болмайды айтпақшы. Сол үйге қарап отырады».


Жарайды, реті келгенде фильм шығарып көрсете жатарсың. Дәл Қайрат Нұртас секілді. Оны уақыттың еншісіне қояйық. Айтпақшы, кештің басты жаңалығы не? Былай айтқанда кульминациясы.
Кештің басты жаңалығы Ернар Айдар қайтадан сахнаға келді ғой. Міне, әнін айтып жүр. Өздеріңіздің тілектеріңіздің арқасында. Сіздерге алғысым көп, рахмет деген концерт қой».

Құрметті көрермендер, Ернар ұлдарыңыз, сіздерге рахметін айтпақ. Оның қандай рахмет екенін білгіңіз келсе, 4-ші желтоқсанда өтетін «Күнім сен сөнбеші» атты кешінен қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар