Адамдардың көбісі саяхат туралы армандайтыны анық. Әрине, әлемді шарлау- ләззаттың бір түрі. Ал, алматылық Зарина Рахымғалиева ол туралы тек армандап қоймай, жыл сайын жаңа әсерлерге толы сапарға шығады. Саяхатшы ірі компанияда жұмыс істеседе, өзіне де уақытын тауып тұрады.
Зарина Рахымғалиева, саяхатшы:
«Дәл осы саяхаттар менің өміріме жаңа мән береді, жарқын әсерлермен, жаңа біліммен толықтырады».

Зарина оншақты елде болып үлгерді, олардың ішінде: Италия, Франция, Швейцария, Монако Княздігі, Грузия, Вьетнам және тағы басқалары. Ал, саяхатқа барып көрмегендерге оның мынадай кеңесі бар.
«Үнемдеудің алтын ережесі – сапарды неғұрлым ерте жоспарласаңыз, ол соғұрлым арзанырақ болады. Мысалы, Астана-Тбилиси-Астана рейсімен ұшқыңыз келсе осы аптада билеттің орташа бағасы 120 000 теңгеден басталады. Ал егер сіз осы бағытқа мысалы, наурыздың соңында билет алып алсаңыз, сізге билет 85 000 теңгеге түседі».


Кәнігі саяхатшылар ақшаңызды банк картасында сақтауға кеңес береді. Өйткені, шетелде ақша айырбастау пунктін таба алмай қалуыңыз да мүмкін.
«Мен өзім Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карталарын пайдаланамын. Бұл өте пайдалы. Мысалы, ТМД елдерімен саяхаттасаң, әр елдерде ВТБ тобының банкоматтары бар. Сол банкоматтардан ақшаны үйдегі тарифпен шешіп алуға болады. Әрине, кредитті де осы банкіден аламын».


Үнемдеудің тәсілдері өте көп. Мысалы, мынадай.
«Тағы бір кеңесім – визаны өзіңіз жасаңыз. Біреуге тапсырып, ақша төлеудің қажеті жоқ. Өйткені ол жайлы интернетте көп ақпарат бар».


Қазіргі таңда кепілсіз кредитті пайдалы талаптармен қайдан алуға болады десеңіздер, Банк ВТБ Қазақстанның көмегіне жүгінуге болады.
Тоғжан Керімхан, Банк менеджері:
«Біздің банкте «Қолма-қол ақшалай несиені» отбасылар саяхатқа алады. Мерзімі несиенің 5 жылға дейін, соммасы 5 миллион-ға дейін. Айтпақшы, осы жазда біз несие бойынша сыйақы пайызын төмендеттік».


Ұмытылмас әсерлер сыйлап, көптеген жылдар бойы есіңізде не қалатынын білесіз бе? Әрине, саяхаттан алған әсерлер. Сондықтан, армандай бермей, Зарина сияқты Банк ВТБ Қазақстанға ұялы телефоннан 5050-нөмірі бойынша хабарласыңыздар. Банктің қызметкерлері сіздерге барлығын түсіндіріп береді. Ендеше, сапарыңыз сәтті болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар