Әнші, композитор Елена Әбдіхалықова елордада шығармашылық кешін өткізді. Концерттің атауын әнші «көздеріңе ғашықпын» атты 17 жасында шығарған туындымен байланыстырды.
Елена Әбдіхалықова, әнші-композитор:
«Жылда концерт бермеймін. 3 жылда бір концерт. Сол араға 3 жыл уақыт салып, Астанада берейін деп 30 жылдығыма байланысты әнімнің. Жалпы өзімде бір халыққа есеп берейін деген ниетте өтіп жатыр жанды дауыста, өзімнің үнімменен».


Сырқаттанып тұрса да, Елена ханым кешті жанды дауыста өткізді.
«Әрине екі-үш күн бұрын ауырып қалдым. Қазір де осы ауруханаға барып, біраз құйғызып, еккізіп дәрілерді. Ондада барлық мүмкіндігімді салып, жанды дауыста бұрын концертімді өткізбеппін. Көрермендер өз бағасын бере жатар».


Әр адамның арманы бар. Ал, өнерпаздың армандары әрине шығармашылықпен байланысты.
«Өнерге келген адамдар өзінің ізін қалдырғысы келеді. Менің де сондай алға қойған міндеттерім бар. Солардың бірі дұрыс, мағынасы талапқа сай келетін, кәсіби түсінікке сай келетін әндер мен жылдар қалдыру».


Концертте көптен бері сахнадан көрінбей кеткен, «таңғы қала» хитінің орындаушысы Дәурен Сейітжанов өнер көрсетті.
Дәурен Сейітжанов, әнші:
«Екі әнді Жұбаныш Жексенұлы ағамызбен және Арайлым деген біздің әріптес қарындасымыз, үшеуміз трио болып орындадық оркестрмен. Одан кейін өзім жеке гитарамен Елена ханымның әнімен сөзіне жазылған «қайран өмір» деген әнді орындаймын».


Ендеше, Елена Әбдіхалықованы 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Той Думан арнасы тек шығармашылық табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар