Осыдан 5 жыл бұрын Дәулет пен Гүлхан дуэтінің «Көзіңнің мөлдірін-ай» атты халық әнге бейнеклипі жарыққа шықты. Алайда, соңғы кездері топ көрінбей кетті. Енді міне, олар қайта шығармашылықтарын қолға алып, су жаңа әнге бейнебаян түсірді.
Дәулет пен Гүлхан, дуэт:
«Дәулет пен Гүлхан деген дуэтпіз. Алғашқы бейнебаянымыз 2012 жылы қазақтың халық әні «Көзіңнің мөлдірін-ай» түсірілген болатын. Бүгін міне өнерімізді жалғастырып жатырмыз. Осындай әдемі бейнебаян шығады деген үмітіміз бар».


Бейнебаянда Дәулет пен Гүлхан өмірдегі рөлдерін сомдайды.
«Гүлхан әдемі ару. Мен Мен Гүлханға ғашық батырдың рөліндемін. Біздің көрермендердің көңілінен шығады деп ойлаймын».


Әрине, дуэттің аты дуэт. 2007 жылдан бастап өнер жолында қол ұстасып келе жатқан топ бір-бірін іздеп тұрады. Әсіресе, Дәулет.
«Негізі бірге жұмыс істегеннен кейін, бір-бірімізге қатты үйреніп қалғанбыз. Анда-санда жеке де шығып тұратын кездер болады сахнаға. Сол кезде білмеймін Гүлхан қалай екенін, мен өзімді бір ыңғайсыз сезінетін болдым. Жалғызсырап қаламын сахнада Гүлхан қайда, Гүлхан қайда деп».


Айтпақшы, сахнада қол ұстасқандар, көбінесе өмірде де ғашықтар. Бірақ, Дәудет пен Гүлхан емес.
«Ерекшелігіміз біз семья, отбасы емеспіз».


Аталмыш туынды Gakku entertainment ұжымымен, Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында түсірілді. Әрине, киелі жер топқа ерекше ыстық.
«Өзімнің әкем марқұм сүретші болған. Бауырым да суретші. Кішкентай кезімізден осы музейге келіп өстік. Сондықтан, әрине бұл жер мен үшін өте ұнайды, өте жылы. Өте жақсы сезініп тұрмын».


Қазіргі таңда туынды таспалануда. Алайда, әннің атын топ құпияда қалдырғанды жөн көрді. Жарайды. Алдағы уақытта нәтижесін көре жатармыз.

2 Түсініктеме

Жансерик3 желтоқсан, 2017
Өте керемет????????????????????????????
Айша3 желтоқсан, 2017
Супер!!!!

Әйгілі жаңалықтар