Калькулятордың орнына жұлдыздарды қолданатын Абай Бегей «Ностальгия» атты әнге бейнебаян түсіруде. Ал, түсірілім алаңында жастық шақты сағынған өнер иелері өте көп. Кәнекей, оларды бірге табайық.

Абай Бегей кәдімгідей дайындалған: арнайы тіктірілген киімдер, концерт залы, тіпті оның сыртына былай жазып қойыпты.
Абай Бегей, әнші:
«Менің концертім болып жатқан сияқты. Кешке концертке келеді. Сол концертте дискотека болады. Ол кезде сондай болған ғой концерттер. Сондай сияқты бұл клубтың сыртына Абай Бегей концерт «ностальгия» деп жазулы тұр».


Абай мырза, осындай киімдерді киіп көргенсіз бе?
«Мен бұндай киім киіп үлгермедім. Бірақ біздің алдымыздағы ағаларымыз осындай киімдер киген».


Ал, әншінің досы Нұрлан Еспанов әрине оны киді.
Нұрлан Еспанов, әнші:
«Ретро киімдер дайындап қойған. Мен өйстіп киініп жүргенмін негізі бала кезімде. Мен бұл киімді кигенмін. Шляпаны да кигенмін. Мынадай кен шалбарларды да кигенмін».


Бегей мырза сол шақтарды еске салу үшін барлығын салуда. Өйткені, советтік кезеңді сағыныпты.
«Енді қазіргідей телефон, сотка жоқ. Ол кезде өмір қызықтау болған сияқты. Себебі ол кезде адамдардың сана-сезімі дамып кеткен жоқ. Бір нәрсеге таңқалатынбыз. Қазір ештенеге таңқалмайсын».


Ал, сіздер өнер адамдарын ретро стильде киінгенін, дискотекада билегенін көргілеріңіз келсе, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар