Әнді жүректен жүрекке жеткізе білетін Ғаділбек Жаңай жуырда «Керек екенсің» атты бейнебаянының тұсауын кесті.

Енді міне әнші шығармашылық кешіне дайындалуда. Бұл жолы концерт Астанада өтпек.
Ғаділбек Жаңай, әнші:
«Көңіл-күйім негізі бірінші концертке қарағанда бір қалыпты. Және бір тоға. Үйренген жау атыспаққа жақсы дейді. Бір рет үлкен концерт өткеннен кейін, мен ойлаймын кішкене жеңіл болатын сияқты. Өзімді кішкене жұбатып қоямын бір жағынан».


Алматыдағы кеш тек әнге емес, әңгімеге де толы болды. Иә, иә арқаның тұрғындарына да Ғаділбек сырын айтпақ.
«Біз Астанадағы концертте одан сайын сондай бір үйде отырғандай, бір өзіміз отырғандай көңіл-күйде жасағымыз келіп отыр. Жалпы бүкіл атмосфераны соған жасағымыз келіп тұр».


Бұл концертте әнші де, жүргізушіде Жаңайдың өзі.
«Өзіннің жайында дәл өзін сияқты кім түсінеді? Сол жағынан келгенде тағыда неде болсада өзім айтайыншы. Алматыда айтылмай қалған дүниелер бар. Соны Астанада айтайын».


Алайда, шығармашылық кеште әнші ешкімді таңқалдырмайды.
«Мен таңқалдырғым кеп тұрған жоқ. Мен халықпен жақын араласқым келіп тұр. Қазір таңқалдырып жатқан дүниелер өте көп қой. Көп таңқалып кеткен сияқтымыз деп ойлаймын бір жағынан. Спецэффекты, бір жақтан секіріп түсу, шпагатқа отырып сальто жасау. Барлығын көрсетіп жатыр».


Десек те, концерт өзгеше болмақ. Әрине, оның бір себебі-тұсаукесерлер.
«Өзгерістер бар. Дәл солай қылып өткізсек, ол концертті көріп қойды ғой. Бірақ сол форматпенен басқашалау қылып өткіземіз. Жаңа әндер болады ішінде».


Концерттің атауы «Керек екенсің». Ғаділбек, осы орайда өзіңіздің халықпен кездесуді қалай атар едіңіз?
«Барлығымыз бір күшті шәй ішіп отырғандай болып, күшті концерт берсек деп ойлаймын. Қалай? Бір жүрек концерт болса екен деп ойлаймын. Жүрек концерт деп ат қояйыншы».


Шәй ішпейтің қазақ жоқ шығар, сірә. Ал, отырыстар әзілдерге толы болу керек. Оны әншінің өзі де біліп, неше түрлі қызық оқиғаларды дайындап қойды.
«Лұқпан ағамыздың жақсы бір әзілі бар еді. Соны кез келген концертте орындаймын. Және халыққа өтеді сол. Лұқпан ағамыз айтады бір тез ән орындап болғаннан кейін былай айтыпты. Сендер ойлап тұрған шығарсыздар Лұқпан Жолдасов билей алмайды деп. Бірақ мен арық болған соң білінбейді ғой. Әйтпесе костюм-шалбардың ішінде сындырып тұрмын ғой. Костюм сол күйі тұрады да, бірақ ішінде Лұқпан ағамыз ееей».

Ендеше, Ғаділбек Жаңайдың туындыларын тыңдап, өзімен әңгімелесеміз десеңіздер, жүректі кештен қапы қалмаңыздар. Концерт 17 желтоқсанда, Астана қаласында өтеді. Ал, Ғаділбек сәттілік серігің болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар