Еліміздің бұл-бұлы Димаш Құдайбергенов қазіргі таңда шетелде ең танымал әншілердің қатарында. Әрине, тума талант түрлі әлемдік байқауларлардан құр қол кетпейді. Бұл жолы да әнші кезекті марапатына ие болды. Ол Қытайда өтіп жатқан «Fashion Night Gala» атты марапттау рәсімінде «инновация заманының лидері» атағына қол жеткізді. Бұл туралы Димаш инстаграм парақшасында жариялап, сүйікті тыңдармандарына алғысын білдірді. Ендеше, құттықтаймыз. Алар асуларыңыз көп болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар