Асхат Тарғын екінші рет әке атанды. Қуанышында шегі жоқ әнші Әлия есімді жұбайын перзентханадан әндетіп қарсы алып алды. Ал, Асхат мырза, ұлыңыздың атын кім деп қойдыңыздар?
Асхат Тарғын, әнші:
«Атын атасы қойды. Ауылдан келді. Атасы Әл-фараби деп қойды. Салмағы 2 кг 825 гр болды. Бойы 51 см болды».


Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар демекші, Асхат мырза да 36-ға келіп ұлды болды:
«Енді өте қуаныштымын. Өйткені 36-ға келіп ұлды болып жатырмын. Сөзбен айта алмайсын енді».


Аталмыш күні әншіні достары да қолдап келді.

Торсықтай ұл сыйлаған Әлия кез келген сыйлыққа лайық:
«Әлияға сыйлық беремін. Өзіне айттым не сыйлық алып берейін? Ол айтты әзірге ештене. Асықпай өзім айтамын, соны алып бересін. Өзінің қалауын алып беремін».


Ендеше, ұлыңыздың бауы берік болсын. Әл- фараби атасы секілді ұлы тұлға болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар