Шімән апа рөлімен танылған актер Ерболат Төлеген бейнебаянын жарыққа шығармақ. Жо-жоқ, өзінікін емес. Әрине, Шімән апаның.
Ерболат Төлеген, актер:
«Ән Сейфуллин Жолбарыс, сөзін Оразбек Кенбаев деген бауырымыз жазған. «Сен келін болсан инабатты» деген. Шімән апа болып айтылады. «Сен келін болсан инабатты, үлкендерді сыйла қатты. Әулет деген ғимаратты көркейтесін сенеміз» деп».


Ерболатқа аталмыш туындыны сыйлағаны үшін Әбунасыр мырза Сейфуллин Жолбарысқа алғысын білдіруде.
Сейфуллин Жолбарыс және Әбунасыр Серіков, өнерпаздар:
«Жоқ бұл орындалып жүрген ән. Бірақ қанша орындасамда, Сәкенге рахмет. Оны өзі айтсада болады ғой. Бірақ пейілі, тектілігі соны сыйлап, Ерболат кемпір айталады ау деп бергеніңізге сізге Алланың нұры жаусын».


Көбінесе әженің кейіпінде өнер көрсететін Ерболат, бұл жолы Шімән апаның жас кезін сомдайды. Бірақ, рөлді Ресейдің Верка Сердючкасымен шатастырмағандарыңыз жөн:
«Жоқ қазақтың Верка Сердючкасы емес енді. Ол енді жас әйел адамның образы ғой. Қатты шоу оныкі. Біздікі ондай деп айта алмаймын».


Халықтың көзаймына айналдырған рөлді сомдау актердың өзіне оңайға соққан жоқ. Өйткені Ерболатты былай сөккендерде болды:
«Біреулер айтады неге сіз әйелдің образын ойнап жүрсіз дейді. Маған дейін әйелдің образын ойнады ғой. Баяғыда Құдайберген ағамыз ойнады, Кұлпаш ойнады, Шатақгүл әже болды. Енді бұл әзіл. Менің айтарым көрермендерге әзіл ол. Мен 15 минут қана киемін ол киімді. Мен күндіз-түні 24 сағат киіп жүрген жоқпын оны».


Ендеше Шімән апаның жас кезін көргілеріңіз келсе, күтіңіздер. Ал, Той Думан арнасы Ерболат Төлегенге тек шығармашылық табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар