Әдемі әндерімен қазақстандықтардың жүрегінен орын алған Ернар Айдар 5 жылдық шығармашылық кешін өткізді. Иә, жантүршігерлік жолапатынан кейін әнші қалпына келу үшін көп уақыт дайындалды. Әрине, өнерпазға ең мықты ем- ол халықтың шапағаты. Ендеше, сүйікті ұлдарыңызды қарсы алыңыздар.

Ернар ауыр хәлде деген жаңалық жұртты дүр сілкіндірді. Әрине, елдің баласы болғандықтан сүйікті тыңдармандары әншінің денсаулығына қатты алаңдады. Солардың бірі- кешке келген әже. Қиын кезеңде ақ жаулықты анамыз онымен қауышып батасын берген болатын, енді міне сый-сыйпатын алып кешке де келдіп қалды.

Халық сүйікті әншісін сағынса, Ернар да сахнаны аңсады.
Ернар Айдар, әнші:
«Осы Республика сарайында 1 жыл 9 ай концерт бермептім. Әр жыл сайын беретінбіз. Енді білесіздер ол жағын. Бірақ менде қатты сағынғанмын. Сағыныш пен бірге қобалжу болды. Бірақ халық білінді. Халықтың қандай дәрежеде сағынғаны. Сезінесін ғой енді».


Аталмыш күні залда бос орын болмаған. Алайда, Ернар кез келген жағдайға дайын болды.
«Ернар Айдарды іздейтін халық бар екен. Мен оған Аллаға шүкір деймін. Сол іздеп келіп, бүгін залдың толып тұрғаны мені қатты қуантты. Кішкене қорқыныш болды келмей қояма деген. Бірақ маған айтты билет жоқ деген кезде қатты қуандым. Әрине билет алмақ түгіл, апаларымыз келіп пенсиясын тойана беріп кетіп жатыр».


Айта кетейік, Айдарға қатты қимылдауға әлі де зиян. Алайда, ештенеге қарамастан, ол биді жіберді.
«Негізі жәй-жәй би болу керек болған. Жәй билеп келдік 1 бөлім, екінші бөлімде би жоқ, үшінді кішкене. Серік қой адамның шабытын ашып жіберген. Серіктен басталды. Содан кейін ұмытып кеттім шынымды айтсам. Сонына қарай миымда да болған жоқ зақымданған жер. Басшы дедім. Секірдім де, биледім де».


Серік Ибрагимовтің «үйлендім мен» атты әніне билемеуге болмайды. Екі сері дәл осы әнді орындады.
Серік Ибрагимов, әнші:
«Актуальная тема болып тұр ғой. Себебі мен бастадым жайлап барлығы қостады деп ойлаймын. Және Ернар Айдар концерттің алдында тағы бір рет айтайын, бір рет жаңалық болсын. Сондықтан жақсы шықты деп ойлаймын».


Айтпақшы, «Күнім сен сөнбеші» атты ән орындалғанда, сахнаға бейнебаяндағы басты кеіпкерлер Мәрлен мән Әнел шығып, вальс биледі. Иә, әдемі жұп концертке батыстан арнайы келді.

Ал, кештің соңында Ернар диджеймен қоса өнер көрсетті. Әрине, бұл жастардың көңілінен шықты.
Бұған, дәлел жастардың өздері.
Айдар мен Әйгерім, көрермендер:
«Ернар Айдардың концерті те қатты ұнады. Ернарды өте қатты сағынып қалыптық. Бүгінгі концерт көңілімнен шықты деп айтсам болады. Иә бұл концерт шоу концерт болды. Өте керемет. Осындай концертті көптен ұйымдастырса жақсы болар еді».


Міне, көптен күткен кеш те өтті. Айта кетейік, билеттер бірден сатылып кетті. Соған қарағанда, халық сағынған ғой. Әрине, жарық, мың бұрылған бишілер, топ әншілер, арнайы торт -барлығы да халықтың жүрегінен шықты. Сондықтар, Ернар Айдарды Той Думан арнасы мерейтойымен құттықтайды. Алар асуларыңыз көп болсын!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар