Сахнаға жаңа леп алып келген Серік Ибрагимов белгілі продюсер Алтыбек Рахметовтің жобасы болған. Иә, иә болған. Өйткені, қазіргі таңда әнші өнер деген үлкен кемемен еркін жүзуге бағытталды.
Серік Ибрагимов, әнші:
«Қысқа айтқанда Алтынбек ағамыз батасын берді. Алла қаласа өзім жұмыс істейтін боламын. Және Алтынбек ағамызбен ара-қатынасымызды үзген жоқпын. Көмек керек кезде міндетті түрде хабарласамын ол кісімен. Міндетті түрде ақыл сұраймын, кеңес сұраймын».


Алайда, ұзын құлақтан естуімізше, араларыңызда келіспеушіліктер орын алған секілді?
«Жоқ. Ұрыс-керіс болған жоқ. Ондай бірденелер болатын болса міндетті түрде маған хабарласыңыздар, мен барлығын өзім шешіп айтып беремін ғой. Алып қашпа сөздер көп болады ғой енді. Сондай сөздер болған кезде».


Айтпақшы, күні кеше Алтынбек мырза ресми түрде өз инстаграм парақшасында Серікпен жұмыс тоқтатылғанын айтты. Ал, оның шәкірті тек продюсердің сөзінен кейін сұхбар бере бастады. Қандай тамаша.
«Бетіміз ашық. Сәлеміміз түзу. Міндетті түрде менің ұстазым болып қала береді. Бірақ енді сенің қанатын қатайды, отбасын бар, өзін жұмыс істеп көр деп жіберді».


Қанаты қатайған Серік продюсеріне алғысын айтуда.
«Әрине Алтынбек ағамыздың арқасы ғой өйстіп сіздерге сұхбат беріп тұрғаным. Ары қарай енді көреміз. Енді көріп жатырмыз. Бұйыртса, жемісін көрсетемін деген ойдамын. Жақсы жаңалықтар болады деген ойдамын».


Осымен әнші тоқтап қалмай, қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп кетті. Әрине, енді жалғыз.
«Алдағы уақытта жаңа бейнебаян жарық көреді. «Бар-бар» әніне түсірілген. Ерболат Қарақойшының әні мен сөзіне жазылған. Бұйыртса, тұсауын жақын арада кесеміз».

Айта кетейік, Серік Ибрагимовті танытқан «Пысық жеңгелер» әні. Ал, бірінші бейнеклипі «Вокзалда қауышқан қыз» атты туындыға түсірілді. Ол Алтынбек Рахметовтің қанатының астында 5 жылдай жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында 6 бейнебаян жарыққа шығып үлгерді. Ендеше, біз Серік Ибрагимовқа тек шығармашылық табыс тілейміз. Алар асуларын көп болғай.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар