Бір кездері халықты әсем әндерімен, нәзік болмысымен баурап алған Динара Қырықбаева көп уақыт бойы сахнадан көрінбей кетті. Әрине, қазіргі таңда оның отбасы бар. Олжас есімді жары әрі Айша атты сүйкімді қызы. Ал, күні кеше Динара екінші рет ана атанды. Қырықбаева бұл жайлы өз инстаграм парақшасында хабарлады. Дүниеге әнші ұл алып келді. Сәбидің салмағы 3 келі 900 грамм, ал бойы 53 сантиметр боп туған. Ендеше, бауы берік болсын. Той Думан арнасы қуанышыңыз құтты болсын дейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар